12-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

12-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

Қолдау хаттары 2022

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан KIOSH-2022 еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 10-шы мерейтойлық халықаралық конференция мен көрменің қатысушыларын және қонақтарын қарсы алғаныма қуаныштымын. 10 жыл ішінде KIOSH конференциясы мен көрмесі өзін еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланатын әрі шешілетін, сондай-ақ кәсіпқойлар, бизнес-аудитория және сарапшылар арасында озық тәжірибе мен білім алмасу жүзеге асырылатын жалғыз кәсіби бизнес-алаң ретінде көрсетті. Конференция бірінші кезекте жұмыс орындарында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға кәсіпорындардың, компаниялардың, мемлекеттік құрылымдардың жұмыс берушілері мен қызметкерлерінің назарын аударуға бағытталған. Қазіргі уақытта Қазақстанда зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында 375 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Жыл сайын өндірісте 1300-ден астам жазатайым оқиға тіркеледі, оның ішінде 200-ге жуығы өліммен аяқталады. 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары іске асырылуда, оған сәйкес өндірістік жарақаттанудың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру тетіктерін жетілдіру, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге кепілдіктер берудің тәуекелге бағдарланған тетігін енгізу жөніндегі жұмыс жүргізілуде. KIOSH алаңы тағы да дәстүрлі оффлайн форматта өтетіні және экономиканың барлық салаларында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды дамытудың оң серпініне ықпал ететіні сөзсіз. Конференция мен көрменің барлық қатысушыларына, серіктестері мен ұйымдастырушыларына жемісті жұмыс, сындарлы диалог және тиімді өзара қарым-қатынас тілеймін!

Құрметпен,

Дүйсенова Тамара Қасымқызы

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі


ҚҰРМЕТТІ КОНФЕРЕНЦИЯ ҚОНАҚТАРЫ МЕН ҚАТЫСУШЫЛАР!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылымизерттеу институты атынан KIOSH-2022 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 10-шы Қазақстандық халықаралық конференция мен көрмеге қатысқандарыңыз үшін қошеметтеп, алғысымды білдіремін. Біздің Институт еңбекті қорғау саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты іске асыру, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша пәрменді шараларды іздестіру, ұлттық қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытуға жәрдемдесу, еңбек жағдайларын жақсарту, елдегі еңбек ресурстарын сақтау үшін отандық және шетелдік ғылыми тәжірибені интеграциялау арқылы ғылыми білім алмасу және инновацияларды пайдалану үшін платформа құруға бағытталған. Біздің көп жылдық ғылыми тәжірибеміз еңбекті қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша қызметтерде пайдалы болады және еңбек ресурстарын сақтауға ықпал етеді деп сенемін. Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты үшін дәстүрлі ғылыми сессия ұлттық деңгейге шығады, біз «Мемлекеттік реттеуді трансформациялау аясында еңбекті қорғаудың ғылыми парадигмасы» ғылыми форумын өткізуге бастамашылық жасадық. Осы форум аясында республиканың көрнекті ғалымдары мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы ғылыми құрамды күшейту, еңбекті қорғау мәдениетін дамыту бойынша өз ойларын ортаға салады. Үздік ғылыми жұмысқа және ғылыми гранттық жобаның өзекті тақырыбына республикалық конкурс өткізілетін болады. Бұл еңбекті қорғау саласындағы ғылымды дамытудағы елеулі қадам деп санаймын, еліміздің түрлі өңірлеріндегі ғалымдар арасында пікір алмасуға ықпал етеді, ғылым мен практика арасындағы байланысты қолдайды. Қазіргі әлемнің жаһандық сын-қатерлері мен жаңа тәуекелдері Қазақстандық халықаралық конференцияның жұмысында да көрініс тапты, қазір ол стратегиялық сипатқа ие болып отыр және әртүрлі ұстанымдарды талқылау және оңтайлы шешімдерді әзірлеу үшін толыққанды диалог алаңына айналуда. Конференцияны өткізу біздің еліміз және Институт үшін әрқашан маңызды, бірақ осы KIOSH-2022 еңбекті қорғауды дамытуға елеулі үлес қосуы және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін серпін беруі тиіс! Баршаңызға сәттілік және барлық бағыттар бойынша жаңа жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,

Әбікенова Шолпан Кәкімжанқызы

«ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК Бас директоры


ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

«Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарыдың республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ) атынан Х мерейтойлық KIOSH 2022! − Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Қазақстандық Халықаралық конференциясы мен көрме қатысушыларын құттықтауға рұқсат етіңіздер! Оныншы рет KIOSH өз алаңында мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, іскерлік орталардың және кәсіподақтардың өкілдерін жинап, нәтижелі диалог, жаңа байланыстар орнату, пікірлер және тәжірибе алмасу, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзекті трендтер мен инновацияларды көрсету үшін қолайлы ахуал жасап отыр. KIOSH мерейтойлық Халықаралық конференциясы еңбекті қорғау жүйесі үшін жаһандық сынтегеурінге айналған COVID-19 пандемиясына байланысты ұзақ үзілістен кейін өтуде, оның күшеюі − қалыпты еңбек жағдайларын сақтауда, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айқын көрсетіп берді. Қазақстанның тау-кен индустриясында еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелері − басымдыққа ие. Өндірістегі жарақаттану мен аварияларды нөлдік деңгейге дейін төмендету үшін компаниялар техникалық қайта жарақтандыруды жүргізеді, таукен өндіру өнеркәсібінде озық тәжірибелерді енгізеді, бизнес-модельдерді түрлендіреді, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіреді, интеграцияланған өндірістік бақылауды дамытады. ҚР ИИДМ, ТМКҚ және республиканың тау-кен металлургия өнеркәсібінің салалық кәсіподақтары арасында 2022−2024 жылдарға қол қойылған Салалық келісімнің, сондай-ақ ҚР ИИДМ, жұмыс берушілер мен ҚР көмір өнеркәсібінің салалық кәсіподақтары арасындағы 2021−2023 жылдарға арналған Салалық келісімнің негізгі бағыттарының қатарында кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету айқындалған. Келісімдер шеңберінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс берушілер мен кәсіподақтар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне ішкі және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды көздейді. Қауіпсіз және салауатты өндірістік ортаны қалыптастыру мәселелері кәсіпорындарда салалық келісімдер негізінде қабылданған ұжымдық шарттардың ажырамас бөлігі болып табылады. Технологияларды қайта қарау, жабдықтарды жаңарту, индустрияны цифрландыру режиміне енгізу бөлігінде саланың жаңа талаптары тұрғысынан ТМКҚ тау-кен өндіруші кәсіпорындармен бірлесіп, жүйелі негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, оны халықаралық стандарттармен үйлестіру бойынша жұмыс істеуде. Конференция алаңында осы және басқа да өзекті мәселелерді талқылау − жаңа тиімді идеялардың туындауына ықпал ететініне, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің одан әрі дамуына қомақты үлес қосатынына сенімдімін. Конференция мен көрменің барлық қатысушыларына табысты нәтижелі жұмыс, сындарлы диалог және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді тілеймін!

Құрметпен,

Н. Радостовец

«Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» зтб (тмкқ) Атқарушы директор


ҚҰРМЕТТІ KIOSH – 2022 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН КӨРМЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР, ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚОНАҚТАР!

Еңбек өмірінің сапасы мен еңбек ресурстарының жинағы – жұмыскер үшін де, жұмыс беруші үшін де маңызды басым бағыттар. Бірнеше жылдан бері KIOSH конференциясы мен көрмесіннің негізгі мақсаты – қауіпсіз жұмыс орындарын құруға жәрдем беретін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды атқарып келеді. Бүгінде кез келген әлеуметтік бағыттағы кәсіпорын ең алдымен апаттылықты, жарақаттанушылықты, жұмыскердің өндірістік – шартты және кәсіби ауруын азайтуға мүдделі. Сонымен бірге, соңғы жылдары жалпы өндірістік жарақаттанушылықтың азаю аясында республикадағы еңбек жағдайы мен оны қорғаудың ахуалды қанағаттанарлық деуге келмейді – кәсіптік қатер деңгейі жоғары қалып отыр, жарақаттанушылық оқиғалары тау-кен және агроөнеркәсіптік кешендерінде, құрылыс саласында кездеседі. Біз жұмыскерлер үшін еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйелі, күн сайын және тоқтаусыз болуы керек деген сенімдеміз. 2021-2023 жылдардағы жаңа Бас келісімде әлеуметтік әріптестер өндірістік жарақаттанушылық, кәсіптік ауруларды анықтауға және талдауға қатысты жаңа әдістерді енгізу бойынша нормаларды қосу жөніндегі біздің ұсыныстарды қолдағанын атап өте кеткен маңызды. Оны жүзеге асыру іс-шараларының жоспарында бүкіл жерде өндірістік кеңестерді құру және олардың тиімді жұмыс істеуі, еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларды төменгі жалақыдан аз емес мөлшерде материалдық ынталандыру секілді кәсіподақтың бастамалары да көрініс тапты. Бүгінде жұмыс істеп тұрған, құрамына 11 696 өндірістік кеңес пен 17 994 еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор кіретін қоғамдық бақылау тетігі қоғамда еңбекті қорғау ережелерінің сақталмауына нөлдік төзімсіздікті дамытуға жәрдемдеседі және жылдар сайын артып келе жатқан адами капиталды сақтауға мүмкіндік тудырады. KIOSH-2022-нің айрықша диалог алаңы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау, оларды табысты шешу жолдарын анықтау, тәжірибе алмасу арқылы еліміздегі еңбекті қорғау жүйесінің дамуына өзіндік үлесін қосатынына біз шын ниетпен сенеміз. Баршамыз еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі саласында жаңа жетістіктер мен табыстарға жете берейік!

Құрметпен,

Сатыбалды Дәулеталин

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы


ҚҰРМЕТТІ KIOSH — 2022 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ МЕН КӨРМЕНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ!

Сіздерді мерейтойлық, оныншы іс-шараның басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Он жыл ішінде KIOSH өзінің еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мәселелердің барлық спектрін талқылау үшін сұранысқа ие, маңызды пікірталас алаңына айналды. Мұнда жаңа әзірлемелер көрсетіліп, озық тәжірибе мен білімнің қарқынды алмасуы орын алады, және тиімді іскерлік келісімшарттар жасалады. KIOSH 2022 қатысушыларына іс-шараға қатысудан барынша пайда табуды, жаңа тәжірибемен алмасуды, біліммен және байланыстармен бірге дамуды тілеймін. Еңбекті қорғауды цифрландыру, кәсіптік аурулардың алдын алу, корпоративтік мәдениет және кадрлар мәселелері бойынша алда тұрған пікірталастар жемісті болып, қазақстандық кәсіпорындардағы жарақаттану мен жазатайым оқиғалар көрсеткіштерін төмендетуге, жұмыс орындарындағы жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі деп сенемін.

Құрметпен,

В.И. Котов

"ЖҚҚ" қауымдастығының президент


ҚҰРМЕТТІ KIOSH —2022 КӨРМЕСІ МЕН КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ!

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының мыңдаған ұжымы атынан 10-шы мерейтойлық Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша Қазақстандық Халықаралық конференция мен көрме қатысушылары және қонақтарын қарсы алуға қуаныштымын! KIOSH алаңында жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістік тәуекелдерді анықтау және алдын алу бойынша озық тәжірибені енгізу жөніндегі мақсатты жұмыстарды талқылау үшін осымен оныншы рет жиналып отырмыз. Тау-кен және металлургия өнеркәсібі кәсіптік тәуекел деңгейі жоғары салаға жатады. Бүкіл Қазақстан бойынша «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының кәсіпорындарында отыз бес мыңнан астам адам жұмыс істейді. Күн сайын, әр минут сайын біз қауіпсіздікке ерекше назар аударуымыз керек. Жыл сайын атап өтілетін Еңбекті қорғау күні өте маңызды, өйткені ол бізге денсаулық пен қауіпсіздіктен маңызды ештеңе жоқ екенін сенімді түрде айтуға мүмкіндік береді. Дұрыс мәдениетті қалыптастыру қажет, ол үшін күш-жігер, назар және нөлдік жарақатқа ұмтылыс қажет. Басшылар қауіпсіздікке ерекше назар аударып, ортақ мақсатымыз – өлім-жітімнің нөлдік деңгейіне жету, ал болашақта жазатайым оқиғалардың нөлдік деңгейіне жету жолында аса маңызды болып табылатын ойлау қалпын өзгерту үшін қауіпсіздікті өз ұжымдарында белсенді түрде дәріптеуі керек . Жұмыс істеген жылдар ішінде KIOSH Қазақстандағы өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау нарығын дамытудың үрдістері мен перспективаларын ұсынатын іскерлік алаңға айнала алды. Бұл алаң тәжірибе алмасуға, жетекші әлемдік өндірушілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерімен танысуға, серіктестік байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндіктерін береді. Осы конференция мен көрмеге қатысу қауіпсіз жұмыс орындарын құруға елеулі үлес қосып, қауіпсіздік техникасының мәдениетін арттыруға, инновациялық технологиялар мен шешімдерді көрсетуге, ұзақ мерзімді шарттар жасасуға мүмкіндік береді, ал KIOSH жұмысының нәтижелері қазіргі заманғы технологиялар мен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерінің жетістіктерін қолданудың жаңа перспективаларын ашады деп сенемін. Конференция мен көрме ұйымдастырушылары мен қатысушыларына жемісті жұмыс және тиімді өзара іс-әрекет тілеймін!

Құрметпен,

Биджу Наир

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры


ҚҰРМЕТТІ KIOSH —2022 КӨРМЕСІ МЕН КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ!

ERG-дің мыңдаған ұжымы атынан мен Сіздерді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнімен құттықтаймын! Ұзақ үзілістен кейін біз оффлайн форматта жиналып, еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында тәжірибе алмасатынымызға қуаныштымын. Соңғы жылдары бәрімізге осы бағыттағы тәсілдерді қайта қарауға тура келді. Пандемия және оның салдары көптеген проблемалардың бетін ашты, халықты да, компания басшыларын да жандандырып, денсаулық сақтау және аурулардың алдын-алу мәселелеріне көбірек назар аударуға мәжбүр етті. ERG-де біз кез келген жағдайға тез ден қоюды, шешім қабылдауды, алдын алу шараларын енгізуді және бір-бірімізге деген ерекше қамқорлық көрсетуді үйрендік. Бұл тәжірибе еңбекті қорғаудың барлық саласына пайда әкелетіні сөзсіз, өйткені адам кезкелген өндірістің орталық фигурасына айналады. ERG төрт құрлықта 70 мыңға жуық қызметкерді біріктіріп отыр. Топтың негізгі кәсіпорындары Қазақстанда орналасқан. Бәрімізді қауіпсіздік, бірлік, жауапкершілік, тиімділік және даму сияқты ортақ корпоративтік құндылықтар біріктіреді, ал олардың ішінде қауіпсіздік бәрінің негізі болып табылады. Бүгінгі таңда біздің мақсатымыз – жарақаттануды мүлдем болдырмау. Ол үшін Топтың барлық деңгейлерінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытамыз. Еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігін басқарудың қолданыстағы жүйесін жетілдіреміз, заманауи цифрлық шешімдерді, жеке қорғаныс құралдарындағы жаңа әзірлемелерді енгіземіз, ҚжЕҚ саласындағы оқыту мен көшбасшылыққа ерекше назар аударамыз. Мен конференцияның барлық қатысушыларына осы күндерді жемісті және сәтті өткізулеріне тілектеспін. Кәсіби мамандардың бұл кездесуі Қазақстан мен барлық қатысушы компаниялар үшін еңбекті қорғау саласын дамытудағы кезекті қадам болады деп сенемін!

Құрметпен,

Серік Шахажанов

«Еуразиялық Топ» ЖШС Басқарма Төрағасы


ҚҰРМЕТТІ KIOSH —2022 КӨРМЕСІ МЕН КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ!

"Глобал" компаниялар тобы "Глобал Спецодежда өндірістік бірлестігі" Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік бойынша KIOSH-2022 10-шы мерейтойлық Қазақстандық халықаралық көрменің қонақтары мен қатысушыларын қарсы алады. "Глобал" компаниялар тобы KIOSH - көрмесі мен конференциясының өткенін қолдайды, өйткені бұл оқиға өнеркәсіптің барлық салаларының сарапшылары мен мамандары үшін, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша өзекті мәселелерді талқылау, сындарлы шешімдер қабылдау және оларды практикада іске асыру үшін өзіндік айлақ және негізгі алаңға айналды. Талқылаудан басқа KIOSH алаңы өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және негізгі және басты мақсатқа – жұмыс орындарында жарақаттануды барынша азайтуға қол жеткізу мәселелерінде басты және басым орындардың бірін алатын жеке қорғаныс құралдарының бай сұрыпталымының сапасымен танысуға және бағалауға бірегей мүмкіндік береді. "Глобал" компаниялар тобы Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының мүшесі, сондай-ақ мамандандырылған киім әзірлеушісі мен өндірушісі болып табылады, өз өнімімізді әзірлей және өндіре отырып, біз персоналды тұрақты оқыта және дағдыларын жетілдіре отырып, ең заманауи әдістемелер мен озық технологияларды қолданамыз. Біздің компанияның негізгі және басты мақсаты - тапсырыс берушінің барлық техникалық талаптарын және жеткізу мерзімдерін сақтай отырып, сапалы және экологиялық таза мамандандырылған киімді әзірлеу және дайындау арқылы "тапсырыс берушінің" кәсіпорындарында қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету. Біз кәсіпорындар үшін арнайы киімнің корпоративтік стилін әзірлеуге, маталарды кәсіби таңдауға дайынбыз. KIOSH 2022 конференциясы мен көрмесі барлық қатысушылар мен қонақтарға пайдалы байланыстар алуға, табысты келіссөздер жүргізуге, өзара тиімді мәмілелер жасасуға және тәжірибе мен білім алмасуға бірегей мүмкіндік беретініне сенімдіміз! Сіздерге табыс және алға қойған барлық мақсаттарыңызға қол жеткізулеріңізді тілеймін!

Құрметпен,

Шабаева Надежда Александровна

"Глобал" Компаниялар Тобының Президенті

VKontakte
powered by social2s