KIOSH 2025 Халықаралық конференциясы мен көрмесінің қатысушыларына
Құрметті қатысушылар!
Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының (бұдан әрі – ТМКҚ) атынан KIOSH 2025 еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XIII Қазақстандық халықаралық конференция мен көрмеге қатысушыларды қуана қарсы алады!
KIOSH осы уақыт аралығында Қазақстандағы өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нарығының даму үрдістері мен перспективаларын білдіретін бірегей іскерлік алаңға айналды. KIOSH пікір мен тәжірибе алмасуға, серіктестік байланыс орнатуға, жетекші өндірушілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беретіні қуантады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеяларын ілгерілетуге арналған жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды.
Еңбек адамының беделі лайықты еңбек жағдайларын жасау, ыңғайлы, жайлы, ең бастысы қауіпсіз жұмыс процесін жасау сияқты факторлар арқылы анықталады.
ТМКҚ тау-кен өндіру кәсіпорындарымен бірлесіп, жүйелі негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, оны халықаралық стандарттармен үйлестіру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстарға бастамашылық жасайды.
ТМКҚ бастамасы бойынша тау-кен өндіру кәсіпорындарында ҚР-да 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының тетіктерін пилоттық сынақтан өткізу жүргізілуде, ол еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғыртуды көздейді, жұмыс орындарында кәсіптік тәуекел деңгейін төмендетуге, еңбекті қорғау саласындағы құзыреттерді арттыруға, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша экономикалық ынталандыруды күшейтуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, ТМКҚ әзірлеуге және қол қоюға қатысатын салалық келісімдердің негізгі бағыты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жай-күйіне ішкі және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша нақты шараларды іске асыру болып табылады.
Конференция алаңындағы талқылаулар мен кездесулер жаңа өнімді идеялардың пайда болуына ықпал ететініне, еңбекті қорғауды басқару жүйесін одан әрі дамытуға елеулі үлес қосатынына сенімдімін.
Барлық қонақтар мен қатысушыларға қойылған мақсаттарға жету үшін жемісті және өнімді жұмыс тілеймін!