KIOSH 2024 ІС-ШАРАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ САРАПШЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ
29-31 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА «EXPO» ХКО (АСТАНА) АУМАҒЫНДА 12-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ – KIOSH 2024 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
KIOSH іс-шарасы дәстүрлі түрде көрме арқылы ұсынылады, онда Бельгия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Сауд Арабиясы Корольдігінің 75-тен астам экспонент компаниялары ЕҚ және ӨҚ саласындағы үздік шешімдерді көрсетеді. Биылғы жылы көрменің дебютанттарының қатарында Di ART, ҚазЖұмысКиім, ФЕСКГРУПП, Айкод, Suraya Uniform Services, Өндірістік қауіпсіздік және Экология, Inter Knowledge Solutions Institute, RIST, sPoint, ARITEKS және басқа да компаниялар болады.
Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында келесіде көрсетілген сарапшы-практиктердің тәжірибелік және оқыту семинарлары өтеді: Inter Knowledge Solutions Institute, Horizon Inc, Қауіпсіз жүргізу қауымдастығы, «Nurikon» кәсіптік даярлау орталығы, «Пожарная безопасность 2.0» ЖШҚ, ФескГрупп, Зелинский групп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты.
Сондай-ақ, көрменің жұмыс күндері демонстрациялық аймақта биіктікте жұмыс істеу бойынша бірқатар мастер-класстар және жаңа жабдықтар мен ЖҚҚ желілерінің көрсетілімі өтеді.
Көрменің бірінші күнінің соңында іс-шараның барлық қатысушылары мен келушілері үшін ресейлік кино жұлдыздары Елена Захарова мен Сергей Селиннің қатысуымен «Арсенал» кинотеатрында 19:00-де «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбы бойынша қысқаметражды фильмдердің кинокөрмесі өтеді.
30 және 31 мамырда өтетін екі күндік KIOSH конференциясында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты көптеген мәселелер қарастырылады. Конференцияның іс-шаралары мен сессиялары тақырыптық күндер бойынша ұйымдастырылады.
30 мамыр, конференция жұмысының бірінші күні толығымен еңбекті қорғау мәселелеріне арналады. Іскерлік бағдарлама аясында «Қазіргі кезеңде кәсіби тәуекелдерді бағалау және басқару» Пікірталас алаңы жұмыс істейді, «Білім, ғылым, бизнес: өзара іс-қимыл синергиясы» Дөңгелек үстелі және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен форсайт-сессия өтеді, онда қатысушылар саланың маңызды мәселелерін талқылайды.
«Еңбекті қорғау: өзгерістерді басқару және инновациялық көшбасшылық» Стратегиялық Пленарлық Сессиясы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпованың, Канаданың қауіпсіздік инженерлері қауымдастығының Canadian Society of Safety Engineering (CSSE) Президенті К. Аггустың, РФ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі федералды қызметінің басшысы М. Иванковтың, IOSH стратегиялық өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы А. Стивенстың (Ұлыбритания), Білім беру мәселелері бойынша серіктестермен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы, NEBOSH С. Эдвардс қатысуымен өтеді.
31 мамырда, KIOSH конференциясының екінші күні «Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» Стратегиялық Сессиясы және «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы цифрлық трансформация: өзекті міндеттер мен тиімді құралдар» Панельдік Сессиясы, ТЖМ, ЕҚРҒЗИ және «Қазақстан кәсіпорындарындағы тәуекелдерді бағалау әдістемесі» өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен Дөңгелек үстел, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» Тренинг-сессиясы өтеді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздікті цифрландыру және саланы дамыту мәселелері көтеріледі.
Rio Tinto, Біріккен металлургиялық компания, Kaz Minerals, Северсталь компанияларының спикерлері қауіпті нысандардағы еңбек бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ, конференцияға қатысушыларға Батыс Еуропа, Ресей, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс, Африка және Австралияның (Атом және Жылу энергетикасы, гидроэнергетика, Мұнай және газ, химия өнеркәсібі, тау-кен және металлургия өнеркәсібі) 65 жетекші индустриялық компанияларының 100 топ-менеджерлері арасында жүргізілген ТЖ басқару және технологиялық апаттардың алдын алу саласындағы жаһандық зерттеу нәтижелері ұсынылады).
KIOSH іс-шарасына ресми қолдау көрсеткендер: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, «Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ), «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, ЖҚҚ қауымдастығы, IOSH, ORP, NEBOSH, Қауіпсіздік жөніндегі инженерлердің канадалық Қауымдастығы (Health and Safety Professionals Canada), Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия құрылысшылар одағы, Ұлттық бірлестігі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары «QazTextileIndustry» өзін-өзі реттейтін ұйым заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер одағы, Қауіпсіз жүргізу қауымдастығы.
Жобаның Мемлекеттік серіктесі – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Алтын серіктестері: «Казцинк» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Глобал» компаниялар тобы.
Күміс серіктестері - KazMinerals тобы, КТК-К компаниялары.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы
Іс-шара туралы толық ақпаратпен - қатысушылардың тізімі және көрменің іскерлік бағдарламасының кестесі мен конференция бағдарламасымен www.kiosh.kz ресми сайтында танысуға болады