13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

2024 жылдың 29–31 мамыр аралығында Астанадағы «EXPO» ХКО-да 12-ші Қазақстандық халықаралық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі KIOSH 2024 көрмесі өтті.

Көрме ЕҚ және ӨҚ мамандары мен сарапшылары арасында идеялармен, тәжірибелермен және соңғы әзірлемелермен алмасу үшін бірегей орта құруға мүмкіндік берді. Су тасқынының қиын жағдайын ескере отырып, елмен ынтымақтастық белгісі ретінде ұйымдастырушылар биылғы жылы салтанатты ашылудан бас тартты.

Қазақстандық Халықаралық KIOSH 2024 көрмесі мен конференциясы алаңда 2 302 келушіні жинады. KIOSH көрмесінің стендтерінде үш күн бойы жанды атмосфера орнады, биыл оның қатысушылары арасында Бельгия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Сауд Арабиясы Корольдігінің 76-дан астам компаниясы болды. 2024 жылғы экспозицияда тоқыма бұйымдары, жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ), өнеркәсіптік альпинизмге арналған жабдықтар, денсаулық пен еңбек гигиенасын сақтауға арналған құралдар, өртке қарсы қауіпсіздік құралдары, медициналық тексеру жүйелері, тренингтік компаниялар және т.б. қоса алғанда, ЕҚ және ӨҚ инновациялық шешімдері ұсынылды. 48 компания алғаш рет KIOSH 2024 көрмесіне қатысып, Қазақстанда еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті дамытудағы елеулі және әсерлі прогресті көрсетті.

kiosh conf24 05

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында сарапшы-практиктердің тәжірибелік және оқыту семинарлары өтті, оның ішінде: Inter Knowledge Solutions Institute, Horizon Inc, Қауіпсіз жүргізу қауымдастығы, «Nurikon» кәсіптік даярлау орталығы, «Пожарная безопасность 2.0» ЖШҚ, ФескГрупп, Зелинский групп және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтынан семинарлар сериясы болды. 

Сондай-ақ, көрменің жұмыс күндері компанияның демонстрациялық аймағында Энергоконтракт және Global Safety биіктікте жұмыс істеу және жаңа жабдықтар мен ЖҚҚ желілерін көрсету бойынша бірқатар мастер-класстарын өткізді.

Көрменің бірінші күнінің соңында «Арсенал» кинотеатрында іс-шараның барлық қатысушылары мен келушілері үшін ресейлік кино жұлдыздары Елена Захарова мен Сергей Селиннің қатысуымен Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбы бойынша қысқаметражды фильмдердің кино көрсетілімі ұйымдастырылды.

30 және 31 мамырда KIOSH екі күндік конференциясы өз жұмысын бастады. Конференцияның бірінші күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпованың, Канаданың қауіпсіздік инженерлері қауымдастығының Canadian Society of Safety Engineering (CSSE) Президенті К. Аггустың, Ресей Федерациясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі федералды қызметінің басшысы М. Иванкованың, IOSH Стратегиялық өзара іс-қимыл бөлімінің (Ұлыбритания) басшысы А.Стивенстің қатысуымен «Еңбекті қорғау: өзгерістерді басқару және инновациялық көшбасшылық» атты Стратегиялық пленарлық сессиясы өтті.

Бірінші күннің мазмұнына «Қазіргі кезеңдегі кәсіби тәуекелдерді бағалау және басқару» Пікірталас алаңы, «Білім, ғылым, бизнес: өзара әрекеттесу синергиясы» атты  Дөңгелек үстелі және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен форсайт-сессия кірді.

Конференцияның екінші күні, 31 мамырда сарапшылар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелері және саланы одан әрі дамыту үрдістері «Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты Стратегиялық сессиясында қаралды. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы цифрлық трансформация: өзекті міндеттер мен тиімді құралдар» атты Панельдік сессиясы аясында сарапшылар цифрлық өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ESG жаңа тренді ретінде айтты. Қатысушылар «Қазақстан кәсіпорындарындағы тәуекелдерді бағалау әдістемесі» ЕҚжРҒЗИ, ТЖМ және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен дөңгелек үстел және «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» Тренинг-сессиясы ерекше назар аударды, оның аясында кәсіпорын өкілдері осы бағыт бойынша барлық сұрақтарын қоя алды.

Rio Tinto, Біріккен металлургиялық компания, Kaz Minerals, Северсталь компаниялары қауіпті өндірістердегі жұмыстар бойынша практикалық кейстермен бөлісті. Делегаттарға Батыс Еуропа, Ресей, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс, Африка және Австралияның (атом және жылу энергетикасы, гидроэнергетика, мұнай және газ, химия өнеркәсібі, тау-кен және металлургия өнеркәсібі) 65 жетекші индустриялық компанияларының 100 топ-менеджерлері арасында жүргізілген ТЖ басқару және технологиялық апаттардың алдын алу саласындағы жаһандық зерттеу нәтижелері таныстырылды.

Конференция мемлекеттік сектор мен ірі отандық және халықаралық компаниялар арасындағы ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді уағдаластықтар жасауға арналған бірегей алаң болды. KIOSH 2024 конференциясында ҚР-дағы қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 2024-2030 жылдарға арналған жаңа тәсілдері мен тетіктерін іске асырудағы ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еуразиялық Топ (ERG) және Казцинк қол қойды. Құжатқа ведомство басшысы Светлана Жақыпова, Қазақстандағы ERG бас директоры Серік Шахажанов және «Казцинк» ЖШС Бас директоры Жанат Жанботин қол қойды.

Сондай-ақ, Еуразиялық Топ (ERG) отандық компаниялармен 2 млрд теңгеден астам сомаға offtake-келісімшарттарға қол қойды. Жасалған уағдаластықтар отандық өндірушілердің агрессивті ортадан қорғау үшін арнайы киім өндірісін игерудің бірінші кезеңі болады.

KIOSH конференциясы мен көрмесі ЕҚ және ӨҚ саласындағы инновацияларды таныстыруға арналған алаң ғана емес, сонымен қатар елдегі және одан тыс жерлерде салаларды дамытудың ажырамас бөлігі болып саналады.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы ол ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті кездесулер мен лидтерді жинау мүмкіндігімен келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл сіздің жеке құрылғыңыздағы цифрлық форматтағы көрме.

Жобаның Мемлекеттік серіктесіҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Алтын серіктестері: «Казцинк» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Глобал» компаниялар тобы.

Күміс серіктестері: KAZMinerals тобы және КТК-К компаниялары.

KIOSH көрмесі мен конференциясын Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырады.

VKontakte
powered by social2s