13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУ: KIOSH 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ МЕН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АСТАНАДА

Қазақстан астанасы 2025 жылдың 28-30 мамыр аралығында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы озық шешімдерді талқылау орталығына айналады. Сарапшылар, сала көшбасшылары және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және тұрақты даму үшін бірлесіп жұмыс істеуге жиналады. «EXPO» халықаралық көрме орталығында 13-ші Қазақстан халықаралық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі – KIOSH 2025 конференциясы мен көрмесі өтеді.

Қазақстанда 2023 жылдың желтоқсанында қабылданған 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын жүзеге асыру курсы жалғасуда. Бұл тұжырымдама жұмыс орындарындағы кәсіби қауіп-қатер деңгейін төмендетуге, еңбекті қорғау саласындағы құзыреттілікті арттыруға және еңбек жағдайларын жақсартуға экономикалық ынталандыруды күшейтуге ықпал етеді. Тұжырымдамада өткен кезеңдердегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау саясатын іске асыруды талдау мен әлемдік негізгі үрдістер негізінде одан әрі даму бағыттары айқындалған. Осы тұрғыда KIOSH алаңы тұжырымдаманың мақсаттарына жету үшін маңызды құралға айналып, тәжірибе алмасуға, озық тәжірибелерді енгізуге және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша инновациялық тәсілдерді талқылауға бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Көрме мен конференцияның қатысушылары бірлескен шешімдер қабылдап, серіктестікті нығайтып, еңбек қауіпсіздігі стандарттарын арттыру жолдарын анықтай алады. Бұл еңбек саласындағы тұрақты даму мен стратегиялық міндеттерді сәтті жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады.

Қазіргі таңда KIOSH көрмесіне экспонент ретінде қатысуын Қазақстан, Қытай және Ресей елдерінен келген компаниялар растады. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өнімдердің кең ауқымын, тәжірибелік шешімдер мен ноу-хау ұсынатын компаниялар қатарында Техноавиа-Казахстан, sPoint, Деловые Информационные Системы, Protector, Медикер - өнеркәсіптік медицина, Айкод, EtalonSnab, Barsexpo, Borkit Safety, Зелинский групп, Энергоконтракт С.А. және басқалары бар. Биыл көрмеге алғаш рет TSN group және Treagra Safety компаниялары өз стендтерімен қатысады.

KIOSH көрмесі келесі бөлімдер бойынша ұсынылады: Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік, Текстиль, Арнайы аяқ киім, Жеке қорғану құралдары (СИЗ), Еңбек гигиенасы мен денсаулық, Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар, Оқыту және ғылым, Экологиялық қауіпсіздік, Медициналық тексеру жүйесі, Автопаркті басқару, Бағдарламалық қамтамасыз ету, IT қауіпсіздігі.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында семинар аймағы жұмыс істейді. Бұл жерде көрмеге қатысушы компаниялар сарапшы-тәжірибешілермен бірге бірқатар оқыту воркшоптары мен семинарлар өткізеді. ERG компаниясымен бірлесе отырып, іскерлік бағдарлама аясында воркшоп секциясын іске қосу жоспарланған, оның негізгі бағыты еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарға арналған практикалық кейстерге арналады.

Үлкен өзгерістер мен бизнестің әлеуметтік және экологиялық әл-ауқатқа деген жауапкершілігінің артуы жағдайында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Бұл тек қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қорғаудың кепілі ғана емес, сонымен қатар компаниялар мен мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады. Барлық осы тақырыптар KIOSH конференциясы барысында талқыланады.

Конференция бағдарламасы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерінің негізгі проблематикасын айқындайды. Шара аясында Қазақстанда Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын енгізудің алғашқы нәтижелерін талдауға арналған Панельдік сессия өтеді. Қатысушылар мемлекеттік және бизнес құрылымдарының өзара әрекеттесуінің еңбекті қорғау стандарттарын арттыруға қалай ықпал ететінін талқылайды, сондай-ақ тұжырымдаманы жүзеге асырудағы табысты кейстер мен жаңа тәсілдерді қарастырады. Конференция спикерлерінің қатарларында – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері; Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ); Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығына (ХӘҚҚ); Еңбекті қорғау жөніндегі Азия-Тынық мұхиты қауымдастығы, Жапония (APOSH); БҰҰ; Кәсіби тәуекелдердің алдын алу жөніндегі халықаралық қор (ORP); Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы бойынша Ұлттық емтихандық кеңесі (NEBOSH), Ұлыбритания; Қауіпсіздік техникасы және денсаулықты қорғау институты (IOSH); Жазатайым оқиғаларды сақтандыру институты (INAIL), Италия; Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы жөніндегі корей агенттігі (KOSHA); Еңбекті қорғау орталық институты – Ұлттық зерттеу институты (CIOP-PIB); Ресей Федерациясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Бүкілресейлік еңбек ғылыми-зерттеу институты» федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесі; Беларусь Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ғылыми-зерттеу институты. Бұл халықаралық деңгейдегі спикерлердің қатысуы KIOSH конференциясының әлемдік маңызы бар алаң ретінде тәжірибе алмасу, озық шешімдерді талқылау және еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздік саласында стратегиялар әзірлеу үшін мойындалғанын көрсетеді. Дүниежүзілік деңгейдегі беделді сарапшылардың қатысуы Қазақстанның әлемдік тәжірибені енгізуге және жұмыс орнындағы қауіпсіздік жөніндегі халықаралық стандарттарды орнатуға ұмтылысын айқындайды.

Стратегиялық сессияда еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлерді қорғау мәселелерінде көшбасшылық пен халықаралық әріптестіктің маңызына ерекше назар аударылады. Форсайт-сессияның спикерлері еңбек реформаларының қорытындыларына, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және кадрларды даярлауға көңіл аударады. Бұл маңызды пікірталастар сарапшыларды, бизнес көшбасшыларын және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін біріктіріп, бірлескен күш-жігерді қауіпсіз әрі тиімді жұмыс ортасын құруға бағыттайды.

Жобаның мемлекеттік серіктесі – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Іс-шараға «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ресми қолдау көрсетеді. KIOSH іс-шарасын салалық қауымдастықтар мен одақтар, тау-кен металлургия және мұнай-газ секторларының ірі компаниялары тарапынан қолдау еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік бизнес пен мемлекеттің тұрақты дамуының ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатындығының маңызды дәлелі болып табылады.

Іс-шараны Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырады.

VKontakte
powered by social2s