KIOSH 2025: ӨНДІРІСТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ АЗАЙТУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
ЖАҚЫН АРАДА ЕЛОРДАДАҒЫ «EXPO» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ САЛАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТЕДІ.
2025 жылдың 28–30 мамыры аралығында жетекші өндіруші компаниялар, тәжірибелі сарапшылар, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері 13-ші Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша – KIOSH 2025 конференция мен көрмесінде бас қосады.
Беларусь, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Пәкістан, Ресей, Румыния және Түркиядан 70-тен астам компания еңбек қауіпсіздігі, өндірістік процестердің қауіпсіздігі, жеке қорғану құралдары, цифрландыру мен кадрларды оқыту әдістері саласындағы соңғы әзірлемелерін, технологиялары мен шешімдерін ұсынады. KIOSH 2025 көрмесі аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің уақытпен сыналған құралдарымен қатар, өндірістік тәуекелдерді төмендету және кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша инновациялық тәсілдер де көрсетілетін болады.
Биыл алғаш рет көрмеге келесі компаниялар экспонент ретінде қатысады: TSN group, HAIX, TST GROUP KZ, О2 зауыты, NEWTECH SYSTEMS GROUP, EYEVEX SAFETY, Линия одежды, M.R & Sons, MAHAVIR SPINFAB, Albatross trade, COMPETENCE EXPORTS, Lenox Prod SRL, Қарағанды аяқ киім фабрикасы, S.S.A KIMYA, DIAS тігін фабрикасы, «Современные Технологии Мониторинга», Sunstar Group, WENZHOU DONGHONG, MFA International, ControlKazakstan, ИНТЭКО.
Көрменің іскерлік бағдарламасы екі семинар алаңында өтеді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты (ЕҚжРҒЗИ) еңбекті қорғау мәдениетін арттыруға, кәсіби тәуекелдерді бағалауға, қауіпсіз жұмыс әдістерін насихаттауға және осы сала мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған бірқатар практикалық семинарлар, сессиялар, воркшоптар және мастер класстарын өткізеді. Негізгі назар қазіргі еңбек қауіпсіздігі стандарттарын тәжірибеде қолдануға, өндірістік бақылау үдерістеріне цифрлық шешімдерді енгізуге және кәсіптік аурулардың алдын алуға аударылады.
Екінші семинар аймағында үш күн бойы көрмеге қатысушы компаниялар мен серіктестердің семинарлары, сондай-ақ арнайы киімнің жаңа үлгілерінің көрсетілімі өтеді.
Нарық көшбасшыларынан келген тәжірибелі сарапшылардың сөз сөйлеуі қатысушыларға жаңа білім, практикалық құралдар мен компанияларында тиімді шешімдерді енгізуге арналған идеяларды алуға көмектеседі. ERG Корпоративтік университетінің Қауіпсіздік Академиясы бірегей контент ұсынатын болады: «Алғашқы көмек» тақырыбы бойынша шағын оқыту курсы және «Қауіпсіздік бойынша коммуникациялар» атты шағын оқыту курсы өткізіледі.
Сондай-ақ, көрме аумағында Арнайы алаң: биіктікте жұмыс істеу көрсетілімі ұйымдастырылады. Онда биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи әдістері, сақтандыру құралдары мен жеке қорғану құралдарын қолдану, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде әрекет етудің дұрыс алгоритмдері көрнекі түрде көрсетіледі.
Мастер-классты сертификатталған нұсқаушы және практикалық дайындықта үлкен тәжірибесі бар сарапшы өткізеді.
2025 жылы конференциялық бағдарлама кеңейтіліп отыр — KIOSH Конференциясы алғаш рет көрме жұмысының барлық үш күнінде өтеді. Бұл формат негізгі тақырыптарды тереңірек ашуға және қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға көбірек мүмкіндік береді. Конференцияның басты тақырыбы: «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің болашағы: стратегиялар, трендтер және инновациялық шешімдер» болады.
Бағдарлама еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үдерістеріне жаңа технологияларды интеграциялау, өндірісте қауіпсіздік мәдениетін дамыту, тәуекелдерді бақылау және талдау үшін цифрлық шешімдерді қолдану, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама өзгерістері мәселелерін қамтиды.
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануына байланысты, бұл Конференция ерекше мәнге ие болмақ. Ол жұмысшы мамандықтар иелеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын дамыту мен заманауи еңбекті қорғау стандарттары арқылы жұмысшы мамандықтарды насихаттаудың маңыздылығын айқындайды. Конференция аясында жетекші сарапшылардың, мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен панельдік және стратегиялық сессиялар, дөңгелек үстелдер мен мастер-класстары өтеді.
Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Индустрия және құрылыс министрлігі, Тау-кен өндіру және тау-металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (ТМКҚ), «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығы, «Paryz» ҚР Жұмыс берушілер Ұлттық конфедерациясы, сондай-ақ ERG, Qarmet сынды ірі өндірістік компаниялардың өкілдері бар. Сонымен қатар баяндамалармен келесі сарапшылар сөз сөйлейді: Ребека Хикман – жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі Корольдік қауымдастық (RoSPA) бас атқарушы директоры, Даррен Николс – өндірістік қауіпсіздік саласындағы халықаралық сарапшы, Михаил Жиганов – «Норильский никель» компаниясының қауіпсіздік мәдениетін дамыту басқармасының басшысы.
KIOSH Конференциясының бірінші күні өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы озық үрдістерге арналған негізгі сессияларға толы болады. Бағдарлама еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттердің ұлттық жүйесін трансформациялау мәселесін талқылаумен ашылады. Бұдан кейін қатысушылар жасанды интеллекттің, Big Data және цифрлық технологиялардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдеріне қалай әсер ететінін біле алады. Қысқа үзілістен кейін еңбек қауіпсіздігі мен кәсіби денсаулықты қорғауға арналған инновациялық шешімдерге арналған сессия өтеді. Күннің екінші жартысында өндірістік жарақаттардың алдын алудағы халықаралық тәжірибе және кәсіпорындар экономикасында қауіпсіздік мәдениетінің рөлі талқыланады. Күннің соңында ресми делегациялар үшін VIP-тур ұйымдастырылады және стратегиялық пленарлық сессия өтеді. Сол жерде сарапшылар саланың болашағы жөніндегі өз көзқарастарын ұсынады. Пленарлық сессияның тақырыбы – «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің болашағы: стратегиялар, трендтер және инновациялық шешімдер».
KIOSH Конференциясының екінші күні, серіктесі ERG компаниясы болып табылатын, корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдеріне арналады. Қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтау күнделікті нормаға айналатын ортаны қалай қалыптастыруға болатынын, сондай-ақ инспекциялық бақылаудан қызметкерлерді ЕҚ және ӨҚ үдерістеріне тарту тәсілдеріне көшу жолдарын талқылайды. Кофе-брейктен кейін тәуекелдерді бағалау үдерістерін цифрландыру тақырыбына назар аударылады. Күннің екінші жартысында қауіпсіздік мәселелері бойынша тиімді коммуникация және еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандардың болашақ талаптарға сай кәсіби құзыреттерін дамытуға арналған сессиялар өтеді. ERG компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған Конференция бағдарламасына еліміздің жетекші өнеркәсіптік компанияларының еңбекті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы басшылары қатысады. Samruk-Energo, Solidcore Resources, QazaqGaz және KazMinerals сынды ірі кәсіпорындар өз қатысуын растады. Өзекті мәселелерді талқылау және үздік тәжірибемен алмасу бұл бағдарламалық блокты еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіби диалог пен шешімдер әзірлеуге арналған маңызды алаңға айналдырады.
Қатысушылардың интерактивтілігін және тартылуын арттыру мақсатында бағдарламаға Safety Games – еңбек қауіпсіздігі саласындағы нақты жағдайларды модельдейтін бизнес-ойындар енгізілді. SAFETY GAMES 360 қауымдастығы – бұл еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік тақырыптарын қызметкерлер үшін қолжетімді, түсінікті, қызықты және еңбек қызметінде өмір мен денсаулықты сақтау мақсатында тиімді түрде меңгеруге және қолдануға мүмкіндік беретін оқу материалдарын әзірлейтін сарапшылар, ойын әдістемесін қолданатын практиктер және еңбек қауіпсіздігі қызметінің қазіргі мамандарын біріктіретін платформа.
Конференция аясында техногендік қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың арнайы кездесуі өтеді. Тақырыбы: «Қауіпті өндірістік нысандар мен жабдықтардың қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету». Сессияның серіктесі – «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтердің Ұлттық нарығын қалыптастыру жөніндегі кеңес. Қатысушылар өндірістік қауіпсіздік жүйелерін жаңғырту, жабдықтардың тұтастығын қамтамасыз етудің тиімді тәжірибелері және қауіптілігі жоғары нысандардағы тәуекелдерді азайту жолдарын талқылайды.
Жобаның мемлекеттік серіктесі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Іс-шараға ресми қолдау көрсеткен ұйымдар: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» (ЕҚжРҒЗИ) ШЖҚ РМК , Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Тау-кен өндіру және тау-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ), «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, IOSH, ORP, NEBOSH, CSSE, ЖҚҚ қауымдастықтры, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы, «QazTextileIndustry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының Ұлттық бірлестігі» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы, Қауіпсіз жүргізу қауымдастығы, Petro mining.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.