KIOSH 2025: ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ ҮШІН ЖАҢА ШЕШІМДЕР УАҚЫТЫ
2025 ЖЫЛДЫҢ 28–30 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДАҒЫ «EXPO» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА 13-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ — KIOSH 2025 КОНФЕРЕНЦИЯ ЖӘНЕ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Қазақстанда 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғанына орай, KIOSH ерекше маңызға ие болып отыр — бұл мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдері мен қауіпсіз еңбек жағдайының рөлін ерекше атап өтетін алаң. KIOSH көрмесі мен конференциясы сала көшбасшыларын, халықаралық сарапшыларды, мемлекеттік органдар мен бизнестің өкілдерін бір алаңда біріктіреді.
2025 жылғы экспоненттер құрамына Беларусь, Бельгия, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Ұлыбритания және Түркия сияқты 12 елден 91 компания енді. Олардың ішінде 37 компания өз әзірлемелерін алғаш рет ұсынады. Қатысушылар ЖҚҚ-ның соңғы үлгілерінен бастап, мониторинг құралдарына, цифрлық технологиялар мен персоналды оқыту бағдарламаларына дейінгі кең ауқымды өнімдерді көрсетеді. Алғаш рет арнайы киімдердің сән көрсетілімі және биіктікте қауіпсіз жұмыс істеу бойынша көрсетілім өтетін арнайы алаң ұйымдастырылады. Биылғы жылдың айрықша ерекшелігі — көрменің іскерлік бағдарламасы екі семинарлық аймақта қатар өтеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бірқатар практикалық семинарлар, сессиялар, воркшоптар мен мастер-кластар өткізеді. Екінші семинар алаңында үш күн бойы экспонент және серіктес компаниялардың семинарлары өтеді. ERG Корпоративтік университетінің Қауіпсіздік Академиясы бірегей контент ұсынып, «Алғашқы көмек» және «Қауіпсіздік коммуникациялары» бойынша қысқа оқыту курстарын өткізеді.
KIOSH 2025 конференциялық бағдарламасы кеңейтілді және үш күн бойы жалғасады. Негізгі іс-шара ретінде стратегиялық пленарлық сессия өтеді: «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің болашағы: стратегиялар, трендтер және инновациялық шешімдер» тақырыбында. Бұл пікірталасқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ТЖМ, ТМКҚ, KAZENERGY, RoSPA (Ұлыбритания) ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстанның ірі өнеркәсіптік компанияларының өкілдері қатысады. KIOSH конференциясы өндірістік бақылауды цифрландырудан бастап қауіпсіздік мәдениетін дамытуға дейінгі 10 тақырыптық сессияны қамтиды. Бірінші күнгі бағдарлама еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттер жүйесінің трансформациясын талқылаумен ашылады, одан кейін қатысушылар жасанды интеллект, Big Data және цифрлық шешімдердің еңбек қауіпсіздігіне әсерін қарастырады. Кофе-брейктен кейін назар кәсіби денсаулық мәселелеріне және саланың жаңа сын-тегеуріндеріне аударылады. Күннің екінші жартысында жарақаттану қаупін болдырмауға арналған халықаралық стандарттар бойынша сессиялар өтеді, ал күн техногендік қауіпсіздік мамандарының «Атамекен» ҰКП қолдауымен өтетін кездесуіне ұласады.
KIOSH 2025 конференциясының екінші күні ERG компаниясымен серіктестікте қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдеріне арналады. Талқылау инспекциялық бақылаудан қызметкерлерді тартуға көшу, тәуекелдерді бағалауды цифрландыру, сондай-ақ тиімді коммуникациялар мен болашақ талаптарына сай мамандарды даярлау тақырыптарын қамтиды. Сессиялар барысында еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша шетелдік және қазақстандық өндірістік компаниялардың тәжірибелері ұсынылады. 29 және 30 мамырда SAFETY GAMES интерактивті бизнес-ойындары өтеді, онда нақты өндірістік жағдайлар модельденіп, тәуекел жағдайларында тиімді әрекет етуге үйретіледі.
Алтын серіктесі – «Еуразиялық Топ» ЖШС.
Күміс серіктестері – «Казцинк» ЖШС, KazMinerals.
Қола серіктесі – «BEST vision Technologies» ЖШС
Мемлекеттік әріптесі – Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрлігі.
Іс-шараға ресми қолдау көрсеткендер: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» (ЕҚжРҒЗИ) ШЖҚ РМК , Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Тау-кен өндіру және тау-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ), «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, IOSH, ORP, NEBOSH, CSSE, ЖҚҚ қауымдастықтры, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы, «QazTextileIndustry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының Ұлттық бірлестігі» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы, Қауіпсіз жүргізу қауымдастығы, Petro mining.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
Көрменің іскерлік бағдарламасының кестесімен, Конференция бағдарламасымен және қатысушылар тізімімен толығырақ www.kiosh.kz ресми сайтында танысуға болады.