ДАҒДАРЫСТЫ АЛДЫН-АЛА БОЛЖАУ ЖӘНЕ ОҒАН ДАЙЫН БОЛУ - ҚАЗІР ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫҢ ТИІСТІ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ
28 сәуірде Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-де «Дағдарысты алдын ала болжау және оған дайын болу - Қазір еңбекті қорғаудың тиісті жүйелеріне инвестициялау» тақырыбында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған вебинар өтеді.
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) бүкіл әлемдегі жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Бұл ақпараттық-түсіндіру науқаны жұртшылықтың назарын еңбекті қорғау саласындағы проблемаларға және еңбек қызметіне байланысты жарақаттар, аурулар мен өлім-жітім санының өсуіне аударуға бағытталған. Әлемнің барлық өңірлерінде үкіметтер, кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер ұйымдары және еңбекті қорғау саласындағы практик-мамандар Дүниежүзілік күнге орай іс-шаралар ұйымдастырады.
Вебинар еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Қазақстандық халықаралық конференция мен KIOSH 2021 көрмесі аясында өткізіледі, олар коронавирустық инфекцияның әлемге ұзақ мерзімді теріс әсерінің салдарынан 2022 жылдың 27-29 сәуіріне ауыстырылды.
ХЕҰ мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 2 миллионнан астам қызметкер өндірісте немесе еңбек қызметі нәтижесінде қайтыс болады. Экономикалық шығындар әлемдік экономиканың жалпы ішкі өнімінің 4%-ына жетеді және ақшалай алғанда 1,25 триллион АҚШ долларынан асады. Ұзақ уақытқа созылған COVID-19 пандемиясының салдарынан көптеген елдер, жұмыс берушілер және жалпы халық вирустың бұрын-соңды болмаған проблемаларына және оның еңбек саласына тигізетін әсеріне тап болды. Covid-19 жұмыс орындарында таралуына бөгет жасау мен болдырмаудың отандық және шетелдік мысалдарына сүйене отырып, хабардарлықты арттыру және еңбекті қорғау мен оларға инвестициялаудың тұрақты жүйелерін құру мен енгізудің маңыздылығы туралы диалогты ынталандыру, цифрландыруға инвестициялар және еңбекті қорғау саласындағы заманауи IT-шешімдерді қолдану туралы сөйлесу үшін біздің вебинарымызды Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластыру мүмкіндігін пайдалану ерекше өзекті болып отыр.
Вебинар ашық диалог, тәжірибе, жаңа үрдістер мен жоғары деңгейдегі озық практикалық шешімдер алмасу үшін отандық және шетелдік сарапшыларды біріктіруге бағытталады. Онлайн алаң еңбекті және денсаулықты қорғау жөніндегі ұйымдардың өкілдері, еңбек инспекторлары, қауіпсіздік жөніндегі мамандар және бизнес өкілдері үшін пандемия жағдайында өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмаудың қазіргі заманғы жүйелерін одан әрі дамыту тұрғысынан тамаша мүмкіндік береді.
Вебинар бағдарламасы аясында келесі тақырыптар қамтылады:
- Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
- Дағдарысты алдын ала болжау және оған дайын болу - Қазір еңбекті қорғаудың тиісті жүйелеріне инвестициялау.
- МАИТ еңбек инспекцияларының пандемиямен күрестегі рөлі туралы.
- Еңбекті қорғау жүйесін жетілдірудегі кәсіподақтардың рөлі.
- Тәуекелдердің алдын алуда қызметкерлердің рөлін арттыру, пандемия (COVID) жағдайында жұмыс істеу, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы ІТ даму перспективалары.
Вебинарға қатысушыларды саланың негізгі сарапшыларының, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен теңдесі жоқ бағдарлама күтеді. Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің, Қазақстандағы Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ), Ресей Федерациясының Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі федералдық қызметінің (Роструд), Халықаралық еңбек инспекциялары қауымдастығының (ХЕҰ), ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысады. Сондай-ақ жұмыста нөлдік жарақаттанудың үздік тәжірибелерін қолдану тәжірибесімен «Еуразиялық Топ» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ВИСТ Майнинг Технолоджи» ЖШҚ, «АК Алтыналмас» АҚ компанияларының мамандары бөліседі.
Вебинар дәстүрлі түрде вебинарға қатысушылардың сұрақтар мен жауаптар сессиясымен аяқталады.
Вебинарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен қазақстандық Iteca көрме компаниясы ұйымдастырды.
Тыңдаушы делегат ретінде қатысу тіркеуден өткеннен кейін тегін. Конференция бағдарламасымен, спикерлермен және кестемен толығырақ https://kiosh.kz/online/28-april/ сілтемесі бойынша таныса аласыздар.