13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

KIOSH 2022: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА - НӨЛДІК ЖАРАҚАТТАНУМЕН!

25-27 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 10-шы Қазақстандық Халықаралық Конференция мен Көрме – KIOSH 2022 өтеді. Экспозиция Қазақстанның заманауи мамандандырылған көрме алаңы – «EXPO» ХКО-да ашылады.

Көптеген жылдар бойы KIOSH жобасы мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың, одақтар мен бизнес субъектілерінің мүдделерін біріктірудің жалғыз тиімді алаңы болып табылады. Оның басты мақсаты бұрынғысынша еңбекті қорғау қауіпсіздігі мәдениетін және жұмыс орындарында еңбекшілердің денсаулығын сақтау болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресейдің 30-дан астам компаниясы көрмеге қатысатындықтарын мәлімдеді. Көрме экспозициясы жеке және ұжымдық қорғау құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ), тоқыма, жабдықтар, оңалту мен алдын алуға арналған өнімдерді өндірушілер мен жеткізушілерді, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, тренингтік компаниялар мен тәжірибе және білім алмасу орталықтарын ұсынады. KIOSH мерейтойлық көрмесінде алғаш рет Akbarys Protection, MESH LLP, TASCOM SUPPLY & SERVICES, ЭТАЛОН Знак, ИНФОРМ ЦЕНТР, ПОЖХИМЗАЩИТА ҒӨК стендпен өнер көрсетеді.

ЖҚҚ, ЕҚ және ӨҚ бойынша жабдықтар мен инновациялық шешімдер саласындағы жаңалықтарды көрсетумен қатар, 26-27 мамыр аралығында Көрмеде параллель өтетін KIOSH конференциясы үлкен назар аударуға тұрарлық. Оның негізгі лейтмотиві «Жаңа Қазақстанның күн тәртібіндегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәдениеті». Мерейтойлық конференцияның бағдарламасы диалог пен дискуссиялық нетворкингке баса назар аудара отырып, өткізудің жаңа форматымен атап өтілетін болады. Панельдік сессиялар мен пікірталастар барысында қатысушылар саланы дамытудың өзекті мәселелерін – 2023 жылға арналған еңбекті қорғау трендтерін, өндірісте еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша цифрлық трансформацияны және цифрлық шешімдерді енгізуді, ақылды ЖҚҚ, ЕҚ және ӨҚ саласындағы қашықтағы медицина мен ғылымның қазіргі заманғы үрдістерін талқылайды. Кейс стади шеңберінде цифрлық трансформацияны қолдану бойынша индустрияның үздік тәжірибелері ұсынылатын болады, ал өнеркәсіптік экскурсия конференция жұмысын аяқтайды.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, Халықаралық Еңбек Ұйымының, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының және т. б. өкілдері қатысатын Пленарлық сессия еңбекті қорғау мәселелеріне, корпоративтік мәдениет үрдістеріне, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың негізгі тәуекелдерін талқылауға және Бизнестің ESG стратегияларын қолдануына арналады.

27 мамырда сала мамандарын сертификатталған оқыту бойынша сессиялар өтеді. Жаңа шындықта Қазақстан алдында жаңа экономиканы өнімділікті арттыруға, кәсіпорындар мен салаларды технологиялық жаңартуға және цифрландыруға қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды міндет тұр. Инновациялық технологиялар паркі дербес кластерлік қоры мен «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті «Корпоративтік мәдениеттің негізі ретінде персоналды дамыту және оқыту» шеберлігін өткізеді.

Қазақстан Президенті Қ.-Ж. Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында атап өтті: «Қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі терең цифрландыру болып табылады. Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансфері, 4.0 индустриясын жаппай енгізу аса маңызды. Қазақстан Еуразия өңірінің елеулі бөлігінде орталық цифрлық хабқа айналуы тиіс». KIOSH конференциясы бағдарламасының контентінде бұл сөздер еңбекті қорғау, яғни біздің отандастарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелерінде қатерлерді азайту және қатерлерді болдырмау мақсатында Цифрлық трансформацияны қолдану жөніндегі панельдік сессияда көрініс табады.

Бұрын бекітілген 2025 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелді төмендету бойынша жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту, әлеуметтік әріптестікті дамыту көзделеді. Жоспарды іске асыру нәтижесінде өндірістік жарақаттануды 10% - ға, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер санын 20% - ға дейін төмендету күтілуде. Бұл бағытқа ақылды және дербестендірілген ЖҚҚ енгізу, Қазақстан Республикасының 2030 қауіпсіз еңбек тұжырымдамасына сәйкес кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту және кәсіби аурулардың алдын алу және оларды қайталанбас мақсатында оқиғалар бойынша сабақ алу жөніндегі Дөңгелек үстелдер арналады.

Жыл сайын KIOSH ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қолдауымен өткізіледі. Ресми қолдау көрсетеді: ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ), «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «ЖҚҚ» Қауымдастығы, IOSH Өнеркәсіптік Қауіпсіздік және Еңбекті Қорғау Институты (Ұлыбритания), Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия құрылысшылар одағы, «Qaz Textile Industry» Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» Өзін-өзі реттейтін ұйым Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер одағы, OSHA, Pakistan Safety Council.

Алтын серіктестер: Еуразиялық Топ (ERG), «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау»АҚ.

Күміс серіктес KAZ Minerals Management компаниясы болды.

KIOSH 2022 конференциясы мен көрмесінің Қола серіктестері – «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Iteca Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады.

Іс - шара туралы толық ақпаратпен-қатысушылар тізімімен және Конференцияның іскерлік бағдарламасының кестесімен ресми сайтта танысуға болады www.kiosh.kz

VKontakte
powered by social2s