KIOSH 2022 НӘТИЖЕЛЕРІ: ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАҺАНДЫҚ ШЕШІМДЕРІ
Қазақстан астанасында 25-27 мамыр аралығында «EXPO» ХТО алаңында 10-шы Қазақстандық Халықаралық Көрме және KIOSH 2022-Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Конференциясы сәтті өтті, делегаттар саны 378 адам болды, ал көрмеге 35 компания қатысты.
2022 жылғы көрмеде Қазақстан мен Ресей компаниялары Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы инновацияларды ұсынып, Италия, Германия, Қытай, Татарстан, Түркия, Франция, Жапония брендтерін таныстырды. Экспозицияға ЖҚҚ, тоқыма, жабдықтар, оңалту және алдын алуға арналған өнімдер, өндірушілер мен жеткізушілер, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, тәжірибе мен білім алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және ЕҚ мен ӨҚ саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетуге арналған тренингтік компаниялар мен орталықтар ұсынылды. Екі жылдық үзіліске қарамастан, жаңа Қазақстанның еңбекті қорғау мәселелерінде тәуекелдерді азайту және қатерлердің алдын алу жөніндегі міндеттерін ескере отырып, KIOSH көрмесіне қызығушылық артты. Мерейтойлық көрмеге бірқатар компаниялар алғаш рет қатысты. Олардың ішінде Akbarys Protection, ISH LLP, TASCOM SUPPLY & SERVICES, ЭТАЛОН Знак, ИНФОРМ ЦЕНТР, ПОЖХИМЗАЩИТА НПК және басқалары бар. Үш күн ішінде көрмеге 1 288 бейіндік келуші келді.
Біздің жыл сайынғы қатысушыларымыз экспо-іс-шара алаңына өздерінің қатысуының маңыздылығы туралы айтады. «Глобал» КТ коммерциялық директоры Денис Шабаев: «егер өткен жылдармен салыстырсақ, біз бірнеше жыл бойы қатысып келеміз, бұл мерейтойлық көрме біз үшін - үлкен көрсеткіш. Осы жылы мақсатты келушілер көп болғандықтан, көптеген пайдалы байланыстар пайда болды. Алаңның өзі жақсы деңгейде жабдықталған, инфрақұрылымы да ыңғайлы, сондықтан көптеген келушілерге барынша көп, пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді. Өндіруші ретінде біз бұл көрменің қаншалықты пайдалы екенін байқаймыз, өйткені еңбекті қорғау қауіпсіздігі — кәсіпорындар үшін маңызды фактор. Тек KIOSH алаңында еңбекті қорғауды мүлтіксіз қорғаумен айналысатын адамдар өз өнімдерін таныстыру мүмкіндігіне ие болады, ал осы өнімге қызығушылық танытатын адамдар осында келіп, өндірушілермен таныса алады».
Көрменің іскерлік бағдарламасының контенті «Квазар» ЖШҚ, «Компания АЗиЯ 2012» СКАУТ корпоративтік шешімдері, «Байтау Партнерс» ЖШС қатысушы компанияларының 10-ға жуық тәжірибелік семинарлары мен тренингтерінен тұрды, олардың негізгі тақырыптары қазіргі әлемдегі өзгерістерге еңбек заңнамасын қолдану, ЕҚ мен ӨҚ және басқа да салалар бойынша цифрлық технологияларды енгізу мәселелері болды. «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті ұйымдастырған қауіпсіздік мәдениеті мәселелері бойынша викторина мен жүлделер ұтысы аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Көрменің бірінші күні «Актив-Безопасность» ЖШС келушілерге «жол қозғалысы қауіпсіздігіне жүйелі көзқарас» тақырыбында тренинг өткізді.
Дәстүр бойынша, көрме аясында көрме бойынша таныстыру туры өтті, оған іс-шараның құрметті қонақтары қатысты. Жергілікті және шетелдік компаниялардың ЕҚ және ӨҚ саласындағы экспонаттармен және ұсынылған жаңалықтармен танысқаннан кейін құрметті қонақтар KIOSH конференциясына өтіп, «Трансформация дәуірінде еңбекті қорғау: әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін жаһандық шешімдер» Стратегиялық сессиясын ашты. Аталған сессияның қатысушылары – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Е. Тоғжанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - Т.Дүйсенова, Vision Zero жаһандық елшісі - Ханс-Хорст Конколевски, «Еуразиялық Топ» Басқарма төрағасы - С.Шахажанов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы - С.Дәулеталин, Халықаралық еңбек инспекциялары қауымдастығының Вице-президенті - И. Шкловец , «Глобал» компаниялар тобының Президенті - Н.Шабаева. Сондай-ақ, онлайн байланыс бойынша делегаттарға ЕО-ХЕҰ жобасының менеджері Антонио Сантос және Швейцариядағы ISSA Бас хатшысы Марсело Аби-Рамия Каетаноның бейне үндеуімен жүгінді.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов өзінің құттықтау сөзінде еңбекті қорғаудың, әлеуметтік қорғау шараларының рөлі және әлеуметтік саясаттың маңыздылығы үнемі өсіп келе жатқанын атап өтті. «Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Ағымдағы жылы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиямен Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы мақұлданды. Осылайша, мемлекеттік деңгейде қауіпсіз еңбек, еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек ресурстарын сақтау басымдығы жарияланып, басқарудың барлық деңгейлеріндегі қызметтің негізгі бағыттары айқындалды», -деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
Конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Vision Zero» бизнес консулы (жаһандық амбассадор) Ханс-Хорст Конколевски атынан халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы арасында Меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қоюдың басты мақсаты - отандық компаниялардың тәжірибесінде Vision Zero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының қағидаттарын ілгерілету.
Мерейтойлық конференцияның бағдарламасы жаңартылған форматта өтті, бұл саланы дамытудың өзекті мәселелерін тиімді талқылауға ықпал етті. Панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер барысында ЕҚ және ӨҚ сарапшылары 2023 жылға арналған еңбекті қорғау трендтері, өндірісте еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша цифрлық трансформация мен цифрлық шешімдерді енгізу, ақылды ЖҚҚ, ЕҚ және ӨҚ саласындағы қашықтағы медицина мен ғылымның қазіргі заманғы үрдістері туралы әңгімелеп берді. Кейс стади аясында цифрлық трансформацияны қолдану бойынша индустрияның үздік тәжірибелері ұсынылды, ал «ҚТЖ «ҰК» АҚ мен «ISH» ЖШС өнеркәсіптік экскурсиясы конференция жұмысын аяқтады.
Жыл сайын KIOSH ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қолдауымен өтеді. KIOSH ресми қолдауы: ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШҚЖ-дағы РМК, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ), «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «ЖҚҚ» қауымдастығы (РФ), IOSH өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау институты (Ұлыбритания), Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия құрылысшылар одағы, «Qaz Textile Industry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі», OSHA, Pakistan Safety Council өзін-өзі реттейтін заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы.
Алтын серіктестер болып қатысқандар: Еуразиялық Топ (ERG), «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «АрселорМитталТеміртау»АҚ.
Күміс серіктес - KAZ Minerals Management компаниясы.
KIOSH 2022 конференциясы мен көрмесінің қола серіктесі – «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті және «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ.
Іс-шараның ұйымдастырушы Iteca Қазақстандық көрме компаниясы.