KIOSH 2023 – ҚАЗАҚСТАНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
24-26 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА «EXPO» ХКО-ДА (АСТАНА) «KIOSH 2023» 11-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯ МЕН КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
KIOSH-тың 2023 жылғы негізгі тақырыбы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы алдын алу саясатының тәуекелге бағытталған аспектісіне арналған.
Дәстүр бойынша KIOSH жобасы Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Ресей және Өзбекстаннан келетін 49 компанияны біріктіретін көрмеден тұрады. Алғаш рет 19 компания дебютант-экспонент ретінде өз стендтерін көрсетеді, оның ішінде Industrial and Operational Support Services, IOSS, ZhaikCaspian Group, XM Textiles Kz, Высота-М, Даймонд Қазақстан, Завод Фильтр, МирЛайт және басқалары бар. Мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында көрмеге қатысушылар мен шақырылған сарапшылар «Байтау Партнерс» ЖШС, «Техноавиа-Казахстан» ЖШС, «КВАЗАР» ЖШҚ, «JMJ Associates LTD» компаниясының Қазақстандық филиалы, ЖШС, PROTECTOR, РНИИОТ, «ПО Глобал Спецодежда» ЖШС, SKAI | СКАУТ-Корпоративные решения, «Актив-Безопасность» ЖШС, IOSS Global компанияларының оқыту семинарлары мен шеберлік сыныптарын өткізеді.
25 және 26 мамырда өтетін KIOSH екі күндік конференциясының мазмұны еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріндегі негізгі проблеманы белгілейді, осы бағыттардың әрқайсысы бойынша мәселелер жеке күн шеңберінде талқыланатын болады.
25 мамырда, конференция жұмысының бірінші күні толығымен еңбекті қорғау мәселелеріне арналады. Іскерлік бағдарламаның мазмұнына профилактикалық бақылауды талқылауға және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мониторингілеуде жаңа міндеттерді айқындауға арналған Инспекторлар форумы, превентивті медицина мәселелері бойынша дөңгелек үстел кіреді. Екі форсайт-сессияның спикерлері аудиториямен өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту модельдерімен және кәсіби тәуекелдерді бағалау тәсілдерімен бөліседі. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Көлгінов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин және ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың қатысуымен «Жаңа сын-тегеуріндер арқылы еңбекті қорғаудың тұжырымдамалық негіздері» стратегиялық (пленарлық) сессиясы өтеді. Спикерлер әлеуметтік-еңбек саласындағы заңнамадағы өзгерістерді толығырақ талқылайды, Қазақстанның еңбек қауіпсіздігі тұжырымдамасын қарастырады, елдегі және әлемдегі еңбекті қорғау саласындағы одан әрі даму мен негізгі үрдістерді болжайды. Бұдан әрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлерінің қатысуымен форсайт-сессиялар өтеді.
26 мамырда, KIOSH конференциясының екінші күнінде өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері қарастырылады. Цифрландыру жөніндегі панельдік сессия шеңберінде мамандар ESG жаңа тренді ретінде цифрлық өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы, біздің елімізде цифрлық трансформацияны қолдану туралы, цифрландыруды қолдану арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздікті дамыту туралы айтатын болады.
Ірі энергетикалық, тау-кен, мұнай сервисі және мұнай-газ компанияларынан келген спикерлер панельдік сессияға қатысу кезінде авто және арнайы техниканың корпоративтік парктерін пайдалану кезіндегі оқиғалар қатерлерін азайту бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ, сала мамандары үшін өрт қауіпсіздігі бойынша воркшоп өтеді.
Жыл сайын KIOSH ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қолдауымен өткізіледі. Ресми қолдау білдіргендер: ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Республикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «Kazenergy» қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «СИЗ» қауымдастығы РФ, IOSH өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау институты (Ұлыбритания), Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия құрылысшылар одағы, «Qaz Textile Industry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы» өзін-өзі реттейтін ұйымы, Қауіпсіз жүргізу қауымдастығы, OSHA, Pakistan Safety Council.
Алтын серіктестер: «KAZZINC» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, JMJ Associates Ltd Қазақстандық филиалы.
Күміс серіктестер: Теңізшевройл, KAZ Minerals және Каспий Құбыр Консорциумы-К.
Іс-шараның ұйымдастырушысы қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
Іс-шара туралы толық ақпаратпен, қатысушылар тізімімен және көрме мен конференцияның іскерлік бағдарламасының кестесімен www.kiosh.kz ресми сайтынан танысуға болады.