ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЕҢ ІРІ ІС-ШАРА – KIOSH 2024 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН КӨРМЕСІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА КЕЛЕСІ АПТАДА ӨТЕДІ
2024 ЖЫЛДЫҢ 29-31 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДА 12-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯ МЕН КӨРМЕ ӨТЕДІ. ДӘСТҮРЛІ ТҮРДЕ ӨТЕТІН ОРНЫ «EXPO» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ БОЛАДЫ.
Бельгия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия және Өзбекстаннан 75-тен астам экспонент компания өз стендтерінде ЕҚ және ӨҚ саласындағы жаңалықтарды, оның ішінде тоқыма бұйымдарын, жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ), өнеркәсіптік альпинизмге арналған жабдықтарды, денсаулық пен еңбек гигиенасын сақтауға арналған құралдарды, өртке қарсы қауіпсіздік құралдарын, медициналық тексеру жүйелерін, тренингтік компанияларды және тағы басқа ұсынады.
Экспозицияға қатысушылар санының ұлғаюымен бірге дебютант компаниялардың айтарлықтай өсімі байқалады. Сонымен, келушілердің ауқымды аудиториясына алғаш рет өз өнімдерін ұсынатындар: Di ART, ҚазЖұмысКиім, ФЕСКГРУПП, Айкод, Suraya Uniform Services, Өндірістік Қауіпсіздік және Экология, Inter Knowledge Solutions Institute, RIST, sPoint, ARITEKS және тағы басқа.
Көрме дәстүр бойынша келесі бөлімдермен ұсынылады: Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік, оған ЖҚҚ, Тоқыма, Денсаулық және Еңбек гигиенасы, Өрт қауіпсіздігі және Төтенше жағдайлар, Білім беру және Ғылым, Экологиялық қауіпсіздік, Медициналық тексеру жүйесі, Автопаркті басқару кіреді. Біздің заманымыздың қиындықтарын ескере отырып, Бағдарламалық Жасақтама және IT Қауіпсіздігі бөліміне ерекше назар аударылады.
Семинар аймағы аясындағы көрме жұмысының барлық үш күні бойы: Inter knowledge Solutions Institute, Horizon Inc, Қауіпсіз жүргізу қауымдастығы, «Nurikon» кәсіптік даярлау орталығы, «Пожарная безопасность 2.0» ЖШҚ, ФескГрупп, Зелинский групп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтынан тәжірибе-сарапшылар Қазақстан еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары үшін бірқатар оқыту және практикалық семинарлар өткізеді.
Сондай-ақ, көрменің жұмыс күндері демонстрациялық аймақта биіктікте жұмыс істеу бойынша бірқатар мастер-класстар, сондай-ақ жаңа жабдықтар мен ЖҚҚ топтамасын көрсету өтеді.
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Конференция көрме жұмысының екінші және үшінші күнінде, атап айтқанда 2024 жылдың 30-31 мамырында өтеді. Іс-шаралар мен сессиялар тақырыптарға сәйкес күндерге бөлінеді: 30 мамырдағы бағдарлама еңбекті қорғау мәселелеріне арналады, ал 31 мамырда сарапшылар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Пленарлық сессияның құрметті қонақтары мен қатысушыларының қатарында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпова, Канаданың қауіпсіздік инженерлері қауымдастығы Canadian Society of Safety Engineering (CSSE) президенті К. Аггус, Ресей Федерациясының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек және Жұмыспен қамту жөніндегі федералды қызметтің басшысы М. Иванков, IOSH Стратегиялық өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы А. Стивенс (Ұлыбритания), Оқу серіктестерімен өзара әрекеттесу бөлімінің бастығы, NEBOSH С. Эдвардс болады.
30 мамыр күні «Еңбекті қорғау: өзгерістерді басқару және инновациялық көшбасшылық» атты Стратегиялық пленарлық сессиясы өтеді, «Қазіргі кезеңде кәсіби тәуекелдерді бағалау және басқару» атты Пікірталас алаңы жұмыс істейді, «Білім, ғылым, бизнес: өзара іс-қимыл синергиясы» атты Дөңгелек үстелі және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен форсайт-сессия өтеді.
31 мамыр күні «Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты Стратегиялық сессиясы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелеріне және одан әрі даму үрдістеріне арналады. ESG жаңа тренді ретінде цифрлық өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы цифрлық трансформация: өзекті міндеттер мен тиімді құралдар» панельдік сессиясы аясында айтылатын болады, сондай-ақ конференцияның екінші күнінің мазмұнына ЕҚжРҒЗИ, ТЖМ және «Қазақстан кәсіпорындарындағы тәуекелдерді бағалау әдістемесі» өнеркәсіптік кәсіпорындарының қатысуымен Дөңгелек үстел және «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» атты Тренинг-сессиясы кіреді.
Конференцияға салалық сарапшылар, ЕҚ және ӨҚ бағыттарының басшылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Rio Tinto, Біріккен металлургиялық компания, Kaz Minerals, Северсталь компаниялары қауіпті өндірістердегі жұмыстар бойынша практикалық кейстермен бөліседі. Делегаттарға Батыс Еуропа, Ресей, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс, Африка және Австралияның (Атом және Жылу энергетикасы, гидроэнергетика, Мұнай және газ, химия өнеркәсібі, тау-кен және металлургия өнеркәсібі) 65 жетекші индустриялық компанияларының 100 топ-менеджерлері арасында жүргізілген ТЖ басқару және технологиялық апаттардың алдын алу саласындағы жаһандық зерттеу нәтижелері таныстырылады.
Айта кетейік, жобаның техникалық жетілдірілуі ITECA.EVENTS инновациялық мобильді қосымшасын іске қосу болды. Оның басты міндеті – көрмеге қатысуды да, оған баруды да барынша нәтижелі ету. Қосымшаның көмегімен қатысушылар потенциалды клиенттермен кездесулер ұйымдастырып, бейджде көрсетілген QR кодтарын сканерлеу арқылы контактілерді жинай алды. Ал келушілердің қолында әрқашан көрмеде ұсынылған өнімдер мен қызметтердің тізімі, сондай-ақ іскерлік бағдарлама кестесі мен көрменің интерактивті жоспары бар қатысушылардың тізімі болды. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
Жобаның Мемлекеттік серіктесі – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жобаның Алтын серіктестері – «Казцинк» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Глобал» компаниялар тобы. Күміс серіктестері - КТК-К, KAZMinerals тобы.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» (АММК), «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, ЖҚҚ қауымдастығы, IOSH, ORP, NEBOSH, Қауіпсіздік жөніндегі инженерлердің канадалық Қауымдастығы (Health and Safety Professionals Canada), Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия құрылысшылар одағы, «Ұлттық бірлестігі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары «QazTextileIndustry» өзін-өзі реттейтін ұйым заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер одағы және Қауіпсіз жүргізу қауымдастығы ресми қолдау көрсетілді.