13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

BEST VISION TECHNOLOGIES ЖШС - ҚОЛА СЕРІКТЕСІ

лого 1

BEST Vision Technologies ЖШС – өндірістік қауіпсіздік саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеумен және енгізумен айналысатын, жасанды интеллект технологияларын қолданатын қазақстандық компания. Компания экшн-камералар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіреді, «Самұрық-Қазына» қорының отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген және қазақстандық үлесі 60%-дан асатын СТ-KZ сертификатына ие.

Компания әзірлеген экшн-камераларды басқару жүйесі өндірістік қауіп-қатерлерді анықтауға, өндірістік үдерістерді жедел басқаруға және регламенттік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен видеоаналитика технологияларын қолдану жүйеге жеке қорғаныс құралдарын, объектілерді және өндірістік оқиғаларды автоматты түрде анықтап, желілік басшылар мен кәсіпорын менеджментіне арналған есептерді қалыптастыруға жағдай жасайды.

Компанияның басты мақсаты – еңбек жағдайларының қауіпсіздігін арттыру және Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындарында цифрлық, интеллектуалды шешімдерді енгізу арқылы өндірістік коммуникациялардың дамуына жол ашу.

Компанияның клиенттері қатарында тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындары, ірі электр энергиясын өндіруші компаниялар, мұнай-газ саласындағы сервистік кәсіпорындар, құрылыс және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар бар.

BE

VKontakte
powered by social2s