13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

ПРОМВИАР KIOSH-2025 КӨРМЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІН ҰСЫНАДЫ

promviar

2025 жылғы 28-30 мамыр аралығында Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 13-ші Қазақстандық халықаралық KIOSH көрмесі өтеді. ПРОМВИАР компаниясы бұл салалық маңызды іс-шараға тағы да қатысады және өндірістік кәсіпорындарға арналған виртуалды шындық технологиялары арқылы оқыту саласындағы алдыңғы қатарлы әзірлемелерін ұсынады.

Халықаралық нарықтағы жолымыз табысты жалғасуда: өткен жылы біз VR-шешімдерді қазақстандық кәсіпорындарға сәтті енгізіп қана қоймай, өнімдер каталогын едәуір толықтырдық. («С» залындағы) К-8 стендінде біз клиенттердің ұсыныстары ескеріліп, жетілдірілген әмбебап VR-тренажерлардың жаңартылған желісін ұсынамыз. Сондай-ақ біз келесі жаңа VR-тренажерларды таныстырамыз:

• «Жер жұмыстарын қауіпсіз орындау»;
• «Жылу энергия қондырғыларын қауіпсіз пайдалану»
• «Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану»;
• «Ұңғыманы бұрғылау кезінде газ, су және мұнайдың кенеттен шығуын жою (ГСМШ)».

promviar2

Safety Games 360 — өндірістік қауіпсіздік саласында ойын тәсілдерін дамытуға бағытталған мамандар қауымдастығымен бірлесе отырып, біз іскерлік бағдарлама аясында арнайы іс-шара дайындадық. 29 мамырда еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша бизнес-ойын өтеді. Бұл ойын интерактивті форматта өтіп, қатысушылар инновациялық оқыту тәсілдерінің артықшылықтарын тәжірибе жүзінде бағалауға мүмкіндік алады. Іс-шараның егжей-тегжейі әзірге құпия күйінде қалады! 

Сіздерді (С залындағы) К-8 стендіне шақырамыз, мұнда сізге келесі мүмкіндіктер ашылады:

• виртуалды шындық әлеміне еніп, инновациялық шешімдерді өз көзіңізбен көру;
• біздің мамандардан кеңес алып, серіктестік перспективаларын талқылау;
• қызметкерлерді оқыту мен білімін тексерудің үздік әлемдік тәжірибелерімен танысу.

Көрмеге кіру — www.kiosh.kz сайтындағы KSHVDUJEHE промокоды арқылы тегін.
Сіздерді Астана қаласындағы "EXPO" ХТК (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1) мекенжайы бойынша “С” залында, К-8 стендінде күтеміз!

 

 

 

VKontakte
powered by social2s