PROJECT NANOTECH - ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫҢ ЭКСКЛЮЗИВТІ КӨТЕРМЕ ЖЕТКІЗУШІСІ
Біздің компания өндірісті және қызметкерлерді жарақаттардан және жұмыс кезіндегі қажетсіз материалдық шығындардан қорғау мақсатында проекциялық жарықтық демаркацияның бірегей технологиялары мен проекциялық жаяу жүргіншілер жолдары арқылы, сондай-ақ кез келген беткі қабаттарда, кез келген өлшемде детализациясы анық және түс беруі бар статикалық жарық проекциялық инсталляцияларын жасау арқылы көмек көрсету үшін құрылды. Бірегей жарық техникалық технологиялардың барлық тәжірибесі мен мүмкіндіктері пайдалана отырып, классикалық жарық дизайнының форматтарын (сәулеттік, сәндік және мерекелік жарықтандыру) іске асыру; қоғамдық немесе өндірістік кеңістіктерде байланыссыз проекциялық демаркация мен навигациялауды жүргізу; LaserPro лазерлік жабдығы арқылы қауіпсіздік мақсатында еденге арналған бірегей түрлі-түсті проекциялық таңбалау; статикалық бейнелерді проекциялау.
Біздің компанияның миссиясы: Болжау білу мен алдын алу! Біз жоғары технологиялардың, заманауи шешімдер мен кәсіби мамандардың мүмкіндіктерін біріктіріп, жүзеге асырамыз. Жаңа шешімдер жасап, бұрыннан дәлелденгендерін жетілдіре отырып, инженерлік-техникалық және жобалық мәдениетті дамыта отырып, біз Қазақстан қоғамын инновациялық технологиялар жолымен алға бастырып келеміз.
Қазіргі таңда біз Қазақстан Республикасындағы проекциялық жабдықтың эксклюзивті көтерме жеткізушісі және KAZ Project-N эффект проекторларының әзірлеушісіміз және Сіздерге біздің проекциялау технологияларымыз арқылы кәсіпорын аумағында жарық проекциялық инсталляция жасауды ұсынамыз.
KAZ Project-N эффект проекторларының көмегімен жол белгілерін, көрсеткіштерді проекциялауға, жаяу жүргіншілер жолын қайталап көрсетуге, еденде немесе қабырғада үлкен жарық панелі ретінде көрінетін қауіпті аймақтардың шекараларын белгілеуге болады. Сондай-ақ байланыссыз проекциялық демаркация технологиялары арқылы кәсіпорын қабырғаларын кез келген өлшемдегі бірегей жарқын бейнелермен безендіруге мүмкіндік бар.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып және еліміздегі кәсіпорындарға отандық әзірлеме болып табылатын жоғары сапалы жабдықты сатып алу мүмкіндігін беру арқылы қызметкерлердің өндірістік жарақаттары мен кәсіпорынның материалдық шығындарын азайтуға ұмтыла отырып, әрекет етеміз. Сіздің кәсіпорыныңызда гобо проекторлары арқылы жарықтық демаркация мен навигацияны қолдану мүмкіндігі туралы сұраныспен танысуларыңызды сұраймыз.
Қауіп туралы белгі беретін таңбалау жүргізу және қауіпсіздік белгілерін орнату еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ең маңызды техникалық шаралардың бірі болып табылады. Қауіпті аймақтарды таңбалау арқылы біз қауіп-қатерді көрнекі түрде көрсетіп, қызметкерлердің назарын аудара аламыз.
Алайда бояу мен жапсырмалар арқылы жасалған дәстүрлі таңбалау ұзаққа шыдамайды және үнемі жаңартуды қажет етеді. Уақыт өте келе ол тартымсыз болып көрінеді және өз қызметін атқармай қалады.
Проекциялық демаркацияны қолдану Сіздің компанияңызға кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру үшін жоғары сапалы жабдықты пайдалану мүмкіндігін береді және ішкі кеңістікте көркемдік пен ерекшелік қосып, Сіздің шешімдеріңіздің бірегейлігін айшықтайды.
Сондықтан қазіргі заманғы өндірістер инновациялық технология – жарықтық демаркация мен навигацияны қолдана бастады.
Проекторлар -50 градустан +50 градусқа дейінгі температурада жұмыс істейді. Олар шаңды бөлмелерде өте жақсы нәтиже көрсетті. Көлік құралдарымен (дөңгелек, шынжыр табан және т.б.) зақымданбайды. Қар мен жаңбырда да жұмыс істейді. Кез келген (майлы, шаңды және т.б.) беткі қабаттарда анық көрінеді.
Жарықтық демаркация жасанды жарықтандыру жағдайында өте жақсы көрінеді, проекторлардың жарығы объектінің бетіне жоғары дәлдікпен бағытталған шоғырлы түрде беріледі, бұл бізге жақсы жарықта ашық көрінетін бейнені қамтамасыз етеді. Жабдық қызметкерлердің көзін шағылыстырмайды, бейнекамераларды да жарықпен бұзбайды.
Жарықтық белгілеуге арналған жабдық сипаттізімі:
Pro55
KAZ Project - N
эффект проекторы
Проектор үлгісі: pro PRO55
Кірмелік кернеу: 110-240 Вольт
Тораптық кернеу: 220 Вольт 50 Гц
Қуаттылығы: 55 Вт
Салқындату түрі: Табиғи
Шуыл деңгейі: Жоқ
1 жыл кепілдік
Жабдықтың қызмет ету мерзімі: 50 000 сағат
Ашылу коэффициенті: 1:0,3
Қоршаған орта температурасы: +55-тен -35 С-ке дейін
Корпустың жұмыс температурасы: +55 С
Қорғаныс сыныбы: IP 67
Басқару: қашықтан басқару пульті
Жарық температурасы: Ақ (8000К)
Ұ/Е/Б өлшемі: Ұ340 х Е220 х Б155 мм
Салмағы: 2,4 кг
Pro100
KAZ Project – N
эффект проекторы
Проектор үлгісі: pro PRO100
Кірмелік кернеу: 110-240 Вольт
Тораптық кернеу: 220 Вольт 50 Гц
Қуаттылығы: 110 Вт
Салқындату түрі: Табиғи
Шуыл деңгейі: Жоқ
1 жыл кепілдік
Жабдықтың қызмет ету мерзімі: 50 000 сағат
Ашылу коэффициенті: 1:0,2; 1:0,3 ; 1: 0,5
Қоршаған орта температурасы: +55-тен -35 С-ке дейін
Корпустың жұмыс температурасы: +55
Қорғаныс сыныбы: IP 67
Басқару: қашықтан басқару пульті
Жарық температурасы: Ақ (10 000К)
Ұ/Е/Б өлшемі: Ұ340 х Е220 х Б155 мм
Салмағы: 3.15 кг
Pro300
KAZ Project – N
эффект проекторы
Проектор үлгісі: pro PRO300
Кірмелік кернеу: 110-240 Вольт
Тораптық кернеу: 220 Вольт 50 Гц
Қуаттылығы: 300 Вт
Салқындату түрі: Табиғи
Шуыл деңгейі: Жоқ
1 жыл кепілдік
Жабдықтың қызмет ету мерзімі: 50 000 сағат
Ашылу коэффициенті: 1:0,2; 1:0,3 ;
1: 0,5 1:1;
Қоршаған орта температурасы: +55-тен -35 С-ке дейін
Корпустың жұмыс температурасы: +55
Қорғаныс сыныбы: IP 67
Басқару: қашықтан басқару пульті
Жарық температурасы: Ақ (28 000К)
Ұ/Е/Б өлшемі: Ұ450 х Е320 х Б260 мм
Салмағы: 8.55 кг