«Horizon INC» ЖШС-і компаниясының «Еңбекті қорғауды басқаруға басшылықтың қатысуын қалай арттыруға болады» тақырыбындағы семинары
Сіздерді 29 мамыр күні сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін «HORIZON INC» ЖШС-і компаниясының «Еңбекті қорғауды басқаруға басшылықтың қатысуын қалай арттыруға болады» тақырыбындағы семинарға қатысуға шақырамыз
Спикер: Асхат Ералиев - ЕҚБЖ-нің және қауіпсіздік мәдениеті бойынша жетекші кеңесші.
Жоғары басшылық пен өндірістік бөлімшелер басшыларының міндеттеріне, ең алдымен, ұйым қызметінің табыстылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету кіреді, сондықтан олар әрдайым еңбекті қорғауды басқару процестеріне жеткілікті түрде қатыса бермейді, мұнда олардың персоналды ынталандыруға және ЕҚБЖ-нің тиімділігін арттыруға қосқан үлесі баға жетпес болуы мүмкін.
Семинарда компанияның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саясатын көшбасшылықтың тиімді құралына айналдыру және ЕҚБЖ-нің өмірлік цикліне басшылардың қатысу деңгейін арттыру жолдарын қарастырамыз.
Сізді 29 мамырда сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін күтеміз, № 2 семинар залы!