KIOSH 2025 НОВОСІБІР РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЗАУЫТЫ: КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН САПА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТІК
«Новосібір респираторлық зауыты» (НРЗ) компаниясы мамандар мен серіктестерді Астанадағы KIOSH 2025 халықаралық көрмесі мен конференциясында біздің стендке келуге шақырады. Біз барлық халықаралық және аймақтық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы тыныс алу мүшелерін жеке қорғау құралдарын және өнеркәсіптік қауіпсіздік шешімдерін көрсетеміз.
Көрмеде не ұсынамыз:
● Бір рет қолданылатын респираторлар: НРЗ 01, 02, 03 қалыпталған сериялары, НРЗ 04 және 05 жаңалықтары, НРЗ 11 және 12 жиналмалы нұсқалары - 4-тен 50 ШРК-ға дейін сенімді қорғаныс.
● Қайта пайдалануға болатын жартылай маскалар және толық бет маскалары: НРЗ 2000 және НРЗ 2500 жартылай маскалары, сондай-ақ, НРЗ 3500 толық бет маскасы - әртүрлі сүзгілерді қолдану мүмкіндігі бар ыңғайлы және эргономикалық модельдер.
● Ауыстырылатын сүзгілер: P1, P2 және P3 - барлық үш қорғаныс класының аэрозольге қарсы сүзгілері, сондай-ақ, газға қарсы сүзгілер, соның ішінде органикалық және бейорганикалық газдар мен булардан қорғауды қамтамасыз ететін А1В1Е1К1 комбинациясы.
Неліктен бізді таңдайды:
● Халықаралық және ұлттық стандарттарды сөзсіз сақтау.
● Өнімнің сенімділігі мен тұрақтылығы.
● Әр түрлі салалардың сұраныстарына жауап беретін кең ассортимент.
● Дара ыңғай және икемді ынтымақтастық шарттары.
KIOSH 2025 НРЗ стендіне келіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік шешімдеріміздің сапасы мен сенімділігіне жеке көз жеткізіңіз.
Көрмеде сіздермен кездесуді күтеміз!