SKAI КОМПАНИЯСЫ – «НЕ? ҚАЙДА? ЕҚ?» КВИЗІ АВТОКӨЛІКТЕ ҚАУІПСІЗ ЖҮРІС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНАН КЕРЕМЕТ СЫЙЛЫҚТАР!
Құрметті әріптестер!
28 мамыр күні сағат 10:00-де KIOSH көрмесінің іскерлік бағдарламасы ерекше форматта басталады!
Автокөлікте Қауіпсіз Жүріс Қауымдастығы мен SKAI компаниясы сіздерді қауіпсіздік пен еңбекті қорғау әлеміне қызықты саяхатқа шақырады. Интеллектуалды-ойын-сауық викторина — «Не? Қайда? ЕҚ?»
Сізді еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің тарихы мен әлемдік тәжірибеге байланысты қызықты сұрақтар күтеді. Кім жүйрік, кім білгір – интерактив кезінде онлайн анықталады. Ал жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді!
Сонымен қатар:
Баяндама: «Көліктегі тиімділік пен қауіпсіздікті арттырудың заманауи шешімдері: телематикадан жасанды интеллектіге дейін»
Спикер: Мұқанов Талғат Дулатович, SKAI компаниясы
Цифрлық технологиялар көлік саласында не үшін маңызды?
• телематика және IoT,
• үлкен деректер және аналитика,
• жасанды интеллект (ЖИ), жүргізушіге көмек көрсету жүйелері.— мұның бәрі нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі. Сондай-ақ заманауи жүйелердің экономикалық тиімділігі туралы да біле аласыз.
Баяндама телематика, ЖИ және аналитиканы үйлестіре отырып, көліктің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырып, шығындар мен тәуекелдерді қалай азайтатынын көрсетеді. Сонымен қатар заманауи жүйелерді енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу мәселесі жеке қарастырылады.
Өтетін орны: СЕМИНАР АЙМАҒЫ, HALL 2, K-83 СТЕНДІ
Күні мен уақыты: 28 мамыр, сағат 10:00 – 11:00