PROTECTOR – "PROTONE" АРНАЙЫ КИІМІНІҢ ЖӘНЕ "БАЛТОБУВЬ" АЯҚ КИІМІНІҢ РЕСМИ ДИСТРИБЬЮТОРЫ
8 жыл тұрақты жұмыс ішінде біз 200 000-нан астам адамды сапалы қорғауыш аяқ киімімен және ЖҚҚ-лармен қамтамасыз еттік. Компания ішінде кәсіби мамандардан құралған команда құрып, тапсырыстан кейінгі келесі күні-ақ тауарды жеткізетін тиімді бизнес-процестерді қалыптастырдық. Әр кезеңде тәжірибелі менеджерлер қолдау көрсетеді, ал маркетингтік қолдау қызметі серіктестіктің пайдасын бағалауға көмектеседі.
Біздің құндылықтарымыз – жауапкершілік пен қауіпсіздік. Біз қызметкерлерге, клиенттерге, серіктестерге және экологияға қамқорлық жасап, жайлылық пен болашаққа сенімділік сыйлайтын өнімдер ұсынамыз.
Биыл біз жаңа өнімдерді таныстырамыз: композиттік мұрынды, ПУ/ТПУ табаны бар кроссовкалар (артикулдары 5334К, 5333К, 5332ККС) және RIPSTOP жұмыс киімдерінің жаңа топтамасы. Бұл киімдер жоғары сапалы мақтадан тігілген, жарық шағылыстыратын элементтермен және ойластырылған құрылымымен ерекшеленеді. Топтамаға күрте, шалбар және жартылай комбинезон кіреді – әр бұйымды жеке сатып алуға болады.
Біздің стендте сіз өнімдердің ағымдағы барлық үлгілерін және жаңа үлгілерді көре аласыз.