15-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 сәуір 2027

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

15-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 сәуір 2027

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

ERG – KIOSH 2026 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН КӨРМЕСІНІҢ АЛТЫН СЕРІКТЕСІ

ERG с бабочкой

ERG – KIOSH 2026 көрмесінің алтын серіктесі. Қауіпсіздік – компанияның басты құндылығы.

ERG KIOSH 2026 көрмесінің алтын серіктесі ретінде тәжірибе алмасу мен еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы заманауи тәсілдерді насихаттауға арналған негізгі салалық алаңға қолдау көрсетеді. Компания өндірісте жаңа қауіпсіздік стандарттарын қалыптастырып, тәуекелдерді басқару процестеріне цифрлық технологияларды енгізу арқылы қауіпсіздіктің проактивті моделіне кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыруда.

ERG назарында – инциденттердің алдын алуға бағытталған проактивті модельге көшу. Бұл тәсіл цифрлық шешімдер, деректерді талдау және дәстүрлі қауіпсіздік процесстерін қайта қарау арқылы іске асады.

c4506d72 1ad6 4641 8b2c 509937c7a81e  e1f361ed 4cf2 420c 9115 047c75c2cbde

Негізгі құралдардың бірі – тәулік бойы жұмыс істейтін Ситуациялық орталық. Ол өндірістік алаңдардан алынған деректерді біріктіреді – бейнебақылау жүйелерінен бастап сенсорлар мен позициялауға дейін – және ықтимал тәуекелдерді нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай формат шешім қабылдауды жылдамдатады және инциденттердің туындау ықтималдығын төмендетеді.

Маңызды технологиялық шешімдердің бірі – «Антисон» жобасы. Компьютерлік көру негізіндегі жүйе жүздеген тау-кен техникасында енгізілген және жүргізушілердің күйін бақылайды, шаршау белгілерін тіркейді. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және адам факторының әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Цифрландыру ішкі қызметтерге де қолданылады. ERG-де QauipSIZ мобильді сервисі енгізілген, ол қызметкерлерге жеке қорғаныс құралдарын қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді: қажетті позицияларды таңдау, қолжетімділікті тексеру және ыңғайлы уақытты жоспарлау. Бұл шешім процестердің тиімділігін арттыруға және пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, корпоративтік қамтамасыз ету стандарттары жетілдірілуде: жоғары шаңды жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлерге жазғы арнайы киімнің қосымша жинағы енгізілді, бұл нақты еңбек жағдайларын есепке алып, ыңғайлылық деңгейін арттырады.

dda29d3e 71c8 41fd ab53 adaf1b6d793c

 Бұл бағыт жаңа үшжылдық ERG Қауіпсіздік Стратегиясында бекітілген, ол соңғы 10 жылдағы жарақаттану статистикасын талдау және халықаралық үздік тәжірибелерді зерттеу негізінде жасалған.

- Негізгі өзгеріс – реактивті модельден проактивті модельге көшу. Алдымен тәуекелдерді болдырмау басты приоритетке айналды. Біз өндірістің барлық процестеріне қауіпсіздікті интеграциялайтын жүйелі тәсілді қалыптастырып жатырмыз, – деді «ЕвразиялықТоп» ЖШС еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік директоры Алимхан Ерходжаев.

Осылайша, ERG өндірістік қауіпсіздік саласындағы жетекші компаниялардың бірі ретінде өзінің позициясын нығайтады, жүйелі тәсіл, цифрландыру және басқарушылық шешімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалай трансформациялай алатынын, салалық күн тәртібінің дамуына үлес қоса алатынын, практикалық тәжірибе бөлісе алатынын және заманауи қауіпсіздік стандарттарын бүкіл индустрия деңгейінде енгізуді қолдайтынын көрсетеді.

VKontakte
powered by social2s