ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ ДАҒДЫЛАРЫНА ОҚЫТУ

«ПЕРВАЯПОМОЩЬ.KZ» мобильді тренинг орталығы кеңсе және кәсіпорын қызметкерлерін жүрек қызметінің кенеттен тоқтауы кезінде алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретеді. Оқыту барысында жүрек-өкпе реанимациясының сапасын бақылау датчигі бар автоматты дефибриллятор қолданылады, сондай-ақ басқа да шұғыл жағдайлар қамтылады (инфаркт, инсульт, эпилепсия ұстамалары, есінен тану, жоғарғы тыныс жолдарына бөгде зат түсуі, суға бату, жарақаттар, қан кету, күйік, үсік шалу, улану, шағу және басқа жағдайлар).

ZOLL AED Plus автоматты дефибрилляторы
Жазатайым жағдайдан ешкім сақтандырылмаған! Критикалық жағдайлардың 95%-ында нәтиже айналадағы адамдардың әрекеттеріне байланысты! Барлығы сәтті аяқталуы үшін жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін алғашқы көмекті ДҰРЫС көрсету қажет! Алғашқы көмектің көрсетілмеуі немесе дұрыс көрсетілмеуі, үрей мен қорқыныш адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін, тіпті жақыныңыздың өміріне.

Медициналық білімі бар нұсқаушыларымыз сізді «артық теориясыз» интерактивті оқыту арқылы, ересектер мен балалар манекендерінде тәжірибелік жаттығулармен құтқару дағдыларына үйретеді.
Курсқа +7 700 801 55 55 телефоны арқылы жазылыңыз.
Instagram: 1aid.kz
