DARIS GROUP-ТАН ҚОРҒАНЫС ПЕН ҚАУІПСІЗДІККЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ШЕШІМДЕР

«DARIS Group» ЖШС — жеке қорғаныс құралдарын шығаратын отандық өндіруші. Компания 2021 жылдан бері «DARIS» маркасы аясында медициналық респираторлар өндіреді.
Өндіріс Ақмола облысы, Шортанды кентінде орналасқан және заманауи техникамен жабдықталған. Бұл өндірістің әр кезеңінде жоғары сапа стандартын сақтауға мүмкіндік береді. Барлық респираторлар тексерілген материалдардан озық технологияларды қолдану арқылы жасалады, бұл тыныс алу жолдарының сенімді қорғалуына кепілдік береді.
Респираторлардан бөлек, компания күнделікті қолданысқа ыңғайлы дезинфекциялаушы және медициналық майлықтарды, сондай-ақ есірткі заттарын жылдам анықтауға арналған «KazMedTest» экспресс-тесттерін шығарады.
Мұндай ассортимент компаниямызға медициналық мекемелердің талаптарына да, жеке пайдаланушылардың мұқтаждықтарына да сай келетін қорғаныс, гигиена және қауіпсіздік саласындағы кешенді шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.
DARIS Group көрмеде «DARIS» сериялы медициналық респираторлар мен өнеркәсіптік аэрозольге қарсы жартылай маскалар желісін ұсынады. Сондай-ақ, күнделікті қолданыста ыңғайлылық пен гигиенаны қамтамасыз ететін «DARIS Comfort» медициналық майлықтары мен «DARIS Extra» дезинфекциялаушы майлықтары қойылады. Сонымен қатар, жылдам әрі сенімді диагностикаға арналған «KazMedTest» экспресс-тесттері таныстырылады.

