13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

13-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

28-30 МАМЫР 2025

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

«Казцинк» - Қазақстанның түсті металлургиясы көшбасшыларының бірі

kazzink

Біздің компаниямыз – мыс, бағалы металдар және қорғасын сияқты ілеспе металл түрлерін көптеп қоса өндіретін интеграцияланған ірі мырыш өндіруші. Компанияның кәсіпорындары Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында орналасқан.

Компания 1997 жылы негізін қалаған. Бас инвесторы - Glencore International AG.

Құрылғаннан бергі жылдар ішінде «Казцинк» өндірістік қуаты мен өнім көлемін айтарлықтай арттырды.

8D8 9926 Z61 1460

«Казцинк» кен өндіруден бастап оларды металдар ала отыра өңдеуге дейінгі түсті металдар өндірудің толық циклын қамтитын интеграцияланған сапа, қоршаған орта, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесін; өндірісті инфрақұрылыммен, көлікпен, ресурстармен қолдайтын және қамтамасыз ететін қосалқы бөлімшелер құрды және сертификаттады.
Компания Қазақстандағы цифрлық өндіріс флагмандарының бірі болуға ұмтылып, маңызды жобаларға инвестиция құйып, өзі орналасқан қалалардың әлеуметтік дамуына белсене қатысады.

816 5669 817 9029

Компания туралы бірнеше факт:

- Өндірістік алаңшалар Қазақстанның алты елді мекенінде орналасқан;
- Төрт қайта жаңғыртылған байыту фабрикасы, екі металлургиялық кешен;
- 20 000 қызметкер;
- жыл сайын 11 000 жұмыскер компания қаражаты есебінен оқытудан өтеді, бұл мақсатқа 1 млрд. теңге қаражат бөлінеді;
- 9 500 қызметкер үш және одан көп аралас мамандықтарға ие;
- дайын өнімнің 23 түрі;
- Тазартылған алтын компанияның өзі әзірлеген технология бойынша шығарылады;
- Алтын мен күміс Лондон бағалы металдар биржасында Good Delivery LBMA (Deer маркасы) тізіліміне енгізілген;
- Қазақстанның банктік алтынының 80%-і «Казцинкте» өндірілген;
- Компанияның негізі қаланғаннан бері табиғат қорғау іс-шараларына 96 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалды;
- қалдықтардың 18 түрі пайдаланылады және қайта өңделеді;
- Толық суайналымының үлесі 98%-тен асады;
- Шығыс Қазақстан облысы бюджетіне түсімдердің 40%-і – «Казцинк» төлейтін салық;
- Әлеуметтік жобаларға жыл сайынғы салымдар 11 млрд. теңгеден асады;
- «Казцинк» денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарын, спорт және мәдениет мекемелерін қолдайды;
- Сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесі 70%-тен асады.

VKontakte
powered by social2s