KAZ Minerals - KIOSH 2023 күміс серіктесі
КAZ Minerals Тобы – Қазақстанда заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания.
Компания операциялық іс-қызметін Абай облысында орналасқан Ақтоғай және Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық кеніштерде, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарындағы үш кеніш пен кен байыту фабрикаларында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді.
2021 жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 299 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 43 мың тонна концентраттағы мырыш, 167 мың унция алтын мен 3,417 млн. унция күміс өндірілді.