Baitau Partners компаниясының «Тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалаудың тиімді жүйелері» тақырыбындағы семинары
25 мамырда сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін Baitau Partners компаниясының «Тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалаудың тиімді жүйелері» тақырыбында семинары өтеді
25 мамырда қазіргі заманғы еңбекті қорғаудың маңызды құралдарының бірі - тәуекелдерді бағалауға арналған семинар өтеді. Семинарды Baitau Partners компаниясының жетекші кеңесшісі, BaitauSafety консалтингтік бөлімшесінің өкілі Ералиев Асхат өткізеді.
Көбінесе тәуекелдерді бағалау тосын оқиғалардың алдын алу ісінде айтарлықтай статикалық және аса тиімді емес құрал болып табылатын тізілімдерді қалыптастырумен шектеледі.
Семинарда еңбекті қорғауды басқару процестеріне қатысуы жарақаттанудың сапалы алдын алудың ажырамас шарты болған жұмыс персоналын қоса алғанда, ұйымның барлық деңгейлерін қамтитын тәуекелдерді бағалау жүйесінің моделі ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, қатысушылар жұмыс күшінің мінез-құлқын анықтайтын тәуекел көздеріне қатынасымен жұмыс істеу ерекшеліктерін талқылауға мүмкіндік алады.