12-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

29-31 МАМЫР 2024

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

12-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

29-31 МАМЫР 2024

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

«BEST Energy» ЖШС - өндірістік үдерістер кезінде қызметкерлерді басқарудың және қауіпсіз еңбек жағдайларын бақылаудың цифрлық инновациялық жүйелері.

best energy

«BEST Energy» ЖШС өндірістік үдерістер кезінде қызметкерлерді басқарудың және қауіпсіз еңбек жағдайларын бақылаудың цифрлық инновациялық жүйелерін өндірумен, әзірлеумен және енгізумен айналысатын, қазақстандық компания болып саналады. Компания өз мақсатымен өндірістердегі қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру және Қазақстан Республикасының құрылыс, мұнай-газ, тау-кен өндіру және өнеркәсіптің басқа да салаларында цифрлық шешімдерді енгізу трендіне сәйкестікті қояды.

best energy 2

Компания әзірлеген жүйе - желілік басқарушыларға өз қарамағындағыларға жедел әрекет етуді, басқаруды, диспетчерлендіруді және сүйемелдеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ кәсіпорын басшыларына өндірістік жұмыстардың барысын кіріктірілген басқару мен орталық басқаруды жүргізуге мүмкіндік береді.

Осы міндеттерді объективті және тиімді шешу үшін біз инновациялық құрылғыларды – экшн-камералар, жұмысшылардың ЖҚҚ-сын «ақылды каскаларға» айналдыратын және нақты уақыт режимінде бейне-бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін алынбалы дизайн жасаймыз.

Сондай-ақ, біздің шешіміміз жазатайым оқиғаларды тергеу мен талдауда аса қажет.

Компанияның өндірілетін құрылғыларына нысаны CT KZ № 3 105 00391 тауардың шығу тегі туралы сертификат алынды, ал компания «Самұрық-Қазына» қорының тауар өндірушілер тізіліміне енгізілді.

 

VKontakte
powered by social2s