«ПО «Глобал–Спецодежда» ЖШС - батыс аймақтағы ең ірі мамандандырылған киім тігу фабрикасы.
«ПО «Глобал–Спецодежда» ЖШС компаниясы - Әлеуметтік-бағдарланған кәсіпорын және батыс өңірдегі мамандандырылған киім тігу бойынша ірі фабрикалардың бірі.
Компания 25 жыл бойы мұнай-химия, металлургия, тау-кен, электр энергетикасы, құрылыс және қауіпсіздік құрылымдары сияқты салаларда мамандандырылған модельдер әзірлеп, өндіріп келеді, сондай-ақ барлық қызмет көрсету салаларына арналған медициналық киімдер шығарады.
Шығарылатын өнімнің қуаттылығы-жылына 1,2 млн. өнім.
Кәсіпорын 700 жұмыс орнына есептелген және бүгінгі күні қызметкерлердің жалпы саны 200-ден астам адамды құрайды, олардың негізгі бөлігі мүгедектер, жұмыссыздар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдер мен көп балалы аналар.
Кәсіпорын базасында жұмыссыз азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту үшін өзінің «Надежда» оқу-өндірістік кешені құрылған. Бүгінгі таңда 11 топ шығарылды, бұл 300-ден астам түлек, олардың 80% - ы тігін өндірісінде жұмысқа орналастырылған.
ҚР СТ ИСО 9001-2016 талаптарына сәйкестікке сапа менеджменті жүйес енгізіліліп, сертификатталды.
ҚР СТ ИСО 14001-2016 экологиялық менеджмент жүйелері
ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйелері»
Өнімнің барлық ассортиментіне фабрикада жергілікті қамту үлесі 50%-дан асатын CT-KZ сертификаты бар.
Компания индустриялық сертификаттың иегері болып табылады және «Атамекен» ҚР ҰКП отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген.
Самұрық-Қазына холдингінің тауар өндірушілері Тізіліміне енгзілген.
ҚР әлеуметтік Бағдарланған Кәсіпорны.
Кәсіпорын келесі жобаларды әзірледі және іске асырды:
- Ақтөбе қаласындағы «Мейір» жастарды бейімдеу әлеуметтік орталығында «Глобал» тігін өндірісінде одан әрі жұмысқа орналаса отырып, орталық тәрбиеленушілеріне арналған тігін ісін тегін оқыту бойынша оқу орталығын іске қосу;
- Ақтөбе сервис колледжімен және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған колледжмен бірлесіп тәлімгерлік элементтерімен дуальды оқытуды іске асыру;
- Колледждер мен жоғары оқу орындары үшін жеңіл өнеркәсіп мамандарын даярлау бойынша жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу;
- «Глобал» кәсіпорнының базасында колледж студенттері үшін таныстыру емтихандарын өткізу және жастар практикасынан өту;
- Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және тігін өндірісінде шеберлік дағдыларын дамыту мақсатында «WorldSkills» бағдарламасына қатысу және өткізу;
- Көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдер үшін «Адами капитал-жаңғыртудың негізі», «Мансап және жеке өсу күні» және т.б. тақырыптарда тренингтер, шеберлік кластарын өткізу;
- Зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша «Күміс жас» жобасын іске асыруға қатысу.
Кәсіпорынның жаңашыл жобаларының бірі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жаңа бағытты іске қосу – «Global Safety» компаниясын құру - жұмыстардың толық циклін ұсына отырып, кәсіпорындарды биіктіктен құлаудан қорғау құралдарымен кешенді қамтамасыз ету үшін: жобаларды әзірлеу және жұмыстарды биіктікте қорғауды қамтамасыз ету бойынша кешенді шешім ұсыну, тәуекелдерді бағалау/аудит, жобалау, жеткізу және жабдықтарды монтаждау, кәсіпорын қызметкерлерін оқыту.
Жетістіктер:
- 2018ж. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсының жеңімпазы атанды;
- 2018ж. «Әлеуметтік бизнес» номинациясы бойынша «Халық сүйіктісі» сыйлығының иегері;
- 2018ж. «Іскер», «Атамекен» ҚР ҰКП арнайы сыйлығының иегері;
- «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша (2019 ж.); «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпазы;
- «САПА КӨШБАСШЫСЫ 2019» номинациясы бойынша "НАЦЭКС"АҚ дипломының иегері;
- 2019 ж. 2022ж «ЖҚҚ санатындағы үздік жеткізуші» номинациясы бойынша ERG Supplier Award дипломының иегері.
- «Өндірістік мақсаттағы тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, 2020 ж.;
- 2021 ж. «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсының Гран-При иегері;
- «ЖҚҚ үздік жеткізушісі», «Корпоративтік стиль» 2016, 2017, 2018, 2019,2022,2023 жылдардағы KIOSH көрмелеріне қатысты.
- 2023 ж. өнім және қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының лауреаты.